Әдебиет • 10 Тамыз, 2017

Павлодарда «Абай оқулары» байқауы өтті

855 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марина Харчук, Дмитрий Угрюмов, Ксения Ронде, Румиса Мержоева «Абай жолы» романынан үзінділер оқыды

Павлодарда «Абай оқулары» байқауы өтті

Тілдерді дамыту жөніндегі өңірлік басқарманың ұйымдастыруымен «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» шеңберінде 10-тамыз Абай атамыздың туған күні  құрметіне арналып  облыс орталығында «Абай оқулары» байқауы өткізілді.

Шараның мақсаты – өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, ақын шығармаларын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген жастардың құштарлығын арттыру екен. Ақын өлеңдерін, қарасөздерін оқу арқылы көркемсөз шеберлігін, тіл мәдениетін шыңдау бағытында өткен байқауға 17 мен 29 жас аралығындағы қалалар мен ауылдардан қатысушылар келді.

Білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасы мен қара сөзін мәнерлеп оқудан, «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа және Абайдың әндерін орындаудан байқауға түсті. Суреттегі Ксения Ронде май ауданы, Малайсары ауылынан келді. Қазақ тілін өзінің туған ана тіліндей көреді. Ал, қазылар алқасы қатысушылардың көркем мәтінді таңдау және оқу шеберлігіне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне, ән орындау шеберлігіне, көрермендер алдында өзін-өзін ұстау мәдениетіне  назар аударды. Бас жүлдені Марина Харчук иеленді.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар