Аймақтар • 15 Тамыз, 2017

Дарынды перзенттерге дара құрмет

723 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағд­ар: рухани жаңғыру» атты мақала­сын­да ай­тылған терең тұжырымдар зайсан­дықтарға да ой салса керек.

Дарынды перзенттерге дара құрмет

Қасиетті де киелі, шежі­ре­лі Зайсаннан қанат қаққан өнер адамда­ры, алайда, арамыздан ерте мәңгілік са­пар­ға аттанып кеткен 80-нен астам талант­ты ес­ке алып, олар жайлы эссе, ой-тол­ғау­ла­рын топтастырған «Зай­сан­ды ән-күйі­мен әлдилеген» атты сыясы кеппеген жаңа жинақты жерлестеріне алып келген алматылық ақын-жазушылар, мәде­ниет қай­рат­керлері Көкенай Камалиев, Құмарбек Сыдықов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, Зайсан ауданының құрметті азаматтары Заманбек Әбдешов, Әбетхан Тоқтағанов, атақты әнші, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Дәлел Уәш, әнші, ак­тер, кітапты баспаға әзірлеген Бауыржан Құмарбеков, естелік жазған алматылық Жәмила Қайрақбаева, Мәриям Бапаева, тарихшы Жұмахан Мұхаметжанов, күйші Төкен Ағзамов, полиция полковнигі Болатбек Солтанов, тағы басқалар аудандағы сапарын Са­рытерек, Қаратал, Дайыр, Қарабұлақ ауыл­­­дарынан бастады. Төрт ауылда да тұр­ғын­­дар мол жиналып, кітап авторларымен емен-жар­қын әңгімелесті, кітаптың тууына не себеп болғаны жайлы сауалдар қойды, қай­тыс болған таланттар жайлы есте­ліктер айт­­ты. Бастапқы үш ауылдың өнер­паз­да­ры қонақтарды ән мен күйге сусындатты. Дай­ыр ауылындағы кездесуде әжелер ан­сам­­блінің өнері, 14 жасар биші Назерке Ер­мекованың «Аққу» биі жиналғандарды әсер­ге бөледі. Осы ауылда білім алып, үл­кен өмір­ге қанат қаққан ақын, аудармашы, ха­­лық­аралық «Алаш» сыйлығының ие­гері За­ман­бек Әбдешов, ақын Әбетхан Тоқ­та­ғанов өлеңдерін оқыды. Әнші Дәлел Уәш Қара­бұ­лақ ауылындағы кездесуде әннен шашу шаш­ты. Ораз Кәкеевтің досы, режиссер Көкенай Ка­малиев, ақын, Құмарбек Сыдықов атақты ак­тер, кітапқа енген таланттар жайлы бұрын ес­тімеген жайлардан хабардар етті.

Кітаптың тұсаукесері, талантты әнші Ораз Кәкеевтің 80 жылдығына арнал­ған театр фестивалі аудандық мә­де­ни­ет үйін­де жалғасты. Мәдени шараны ұй­ым­­дас­ты­ру­шы­лар  кәдімгі Голливуд фильмдерінен көріп жүр­гендей «қызыл кілемді» жайып қойып, алыс­тан ат терлетіп келген қонақтарды, Ораз ағаның баласы Арыстанбек Кәкеев пен бала­ларын соның бойымен жүргізіп, ішке ен­гізді. Аудан әкімі Темірбек Қасымжанов сал­­танатты рәсімде сөз алып, құрметті қо­нақ­­тардың иығына шапан жауып, «Алғыс хат­пен» марапаттады. Тұсаукесер рәсімінде ауданның құрметті азаматтары, оннан астам шығармалары жарық көрген, ауданға сыйлы азаматтар Бекен Жапаров пен Қалибек Алтыбаевқа сөз берілді. Қалағаң бұл кітапта аты аталған өнер, мәдениет қайраткерлері жай­лы кезінде өзі де жазғанын, ал мына­дай ау­қымды, жастарға тәрбие беретін шы­ғар­ма­ның салмағы басым екеніне тоқтала кет­ті. Ораз ағаның ұл, қызы Арыстанбек пен Гүл­жаз Кәкеевтер әкесінің мерейтойын театр фес­тивалімен ұлықтағаны үшін аудан басшылығына алғысын білдірді.
Театр фестивалі ертеңінде мәресіне жетті. Бас жүлдені Зайсан халық театры (режиссері  «Мәдениет саласының үздігі» Алма Сүлейменова) жеңіп алды. Олар сах­нал­аған «Кенесары-Күнімжан» спектаклі ау­данның барлық елді мекендерінде қой­ылып, көрермендер ықыласына бөленген бо­латын. Ал бірінші орынды Ақсуат ха­лық театры иеленді. Ақсуаттық сахна ше­бер­­лері Қ.Жұмабековтің «Адасқандар» ат­ты спектаклін шынайы бейнеледі.

кінші, үшінші орындарды иеленген театр ұжым­дары да аудандық мәдениет және тіл­дер­ді дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен, б­а­ға­лы сыйлықтармен марапатталды. Ораз Кәкеевтің ұлы, белгілі әнші Арыстанбек Кәкеев жанұясы атынан алғысын білдірді.
Қос бірдей мәдени шараны ұйым­дас­тыр­ған аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас­шысы Зумрад Дүйсенбаеваға, аудандық мә­дениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас­шысы Серікбол Сиырбаевқа, әртістер мен әнші­лерге жиналғандар алғысын білдірді.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,
журналист

Шығыс Қазақстан облысы,
Зайсан ауданы