Кино • 17 Тамыз, 2017

Апта фильмі: «Киллердің оққағары»

474 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап режиссер Патрик Хьюздің «Киллердің оққағары» комедия фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. Фильмнің жұлдыздары – Райан Рейнольдс, Сэмюэл Л. Джексон, Гэри Олдман, Сальма Хайек, Элоди Юнг.

Апта фильмі: «Киллердің оққағары»

Жыл: 2017

Ел: АҚШ

Режиссер: Патрик Хьюз

Басты рөлдерде: Райан Рейнольдс, Сэмюэл Л. Джексон, Гэри Олдман, Сальма Хайек, Элоди Юнг, Жоаким ди Алмейда, Ричард Э. Грант

Продюсер: Дэвид Эллисон, Марк Гилл, Дэна Голдберг, Джон Томпсон

Жанр: Комедия, Боевик

Әлемдік премьера: 10 тамыз 2017

Қазақстандағы премьера: 17 тамыз 2017

Жас шектеуі:R рейтингі – 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті

Ұзақтығы: 118 минут

Оқиға желісі бойынша оққағарға (Райан Рейнольдс) ежелден ата жауына айналған киллерді қорғау тапсырылады. Жұмысына адалдық танытқан оққағар әлемдегі ең танымал қылмыскермен (Сэмюэл Л. Джексон) бірге БҰҰ-ның халықаралық сотының резиденциясына дейін бірге барады.  Жолай қатыгез диктатордың (Гэри Олдман) құрығынан тірі құтылу үшін олар ынтымақта тойтарыс беруге көшеді.

Фильмнің негізгі түсірілім жұмыстары 2016 жылдың 2 сәуірінде Лондон, Амстердамда басталды. 2011 жылы мамырда Том О'Коннор жазған сценарий желісі экранизацияланбаған жұмыстардың ішіндегі үздігі ретінде танылды. Әуелгіде шығарма драма жанрында ұсынылған-тұғын. Түсірілім жұмыстарына екі-ақ апта қалған уақытта шығарма комедия ретінде бастан-аяқ қайта жазылды.

Рецензия агрегаторы саналатын «Rotten Tomatoes» сайтында фильм рейтингі орташа деңгейде (5,9/10) деп бағаланған. Ал америкалық Variety журналында Питер Дебюрг фильмді жаздың соңындағы ерекше сыйлық болғандығын айтып, «Кино табиғаты мультфильмге жақын. Райан Рейнольдс, Сэмюэл Л. Джексон әзіл-қалжыңға толы іс-әрекетімен нағыз комедия жасап шығарды» дейді.

Ая ӨМІРТАЙ,

"Егемен Қазақстан"