Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.
Егемен Қазақстан
18.08.2017 129
2

 «Үш жүздің баласы бәрің де қа­зақсың. Алған бәйгең қазақтікі болады. Алдырсаң да қазақты алдырасың», десе Міржақып Дулатов, «Үміт – мол бір халық­пыз», дейді Ахмет Байтұрсынұлы. «Ұлттық еркіндік пен азаттыққа талпыну табиғаттың болмай қоймайтын заңы тәрізді», депті Мұстафа Шоқай. Сол арыстар айтқан Алаштың ұлы мен қызы елдігіне қол жеткізіп, төрткүл дүниеге танылды. Сөйтіп, үміті мол ұлт дегеніне жетті. Елбасының кемел ісімен ілгері басқалы қазақтың қадірі кімге де болса, бұл күнде артып тұр. Киелі тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жерде мәдениет мәйегінің мән-мағынасын түсіндік пе, түйсіндік пе, терең ұғына алдық па деген ой мазалай береді. Кейбір орашолақ ісімізге, қиюын кетіріп алған жұмысымызға ұялғанда – «көш жүре түзеледі» деп өзімізді-өзіміз жұбата қоя­мыз. Осыған не себеп дейсіз ғой? Ұлттық намыстың ойдағыдай болмауынан ба деген күдік көкейден кетпейді. Сондықтан да болар, Елбасының ұлтты рухани жаң­ғырту жөніндегі ұлы ойды ортаға тастап, жұмылдырып отырғаны. 


Қызмет көрсету орындарына, емха­наларға, қоғамдық көлікке мінсең, көшеде келе жатсаң небір адам айтса сенгісіз сөзді естисің. Ыңғайсыз қимыл-қозғалысқа куә боласың. Кейде дарақы мінез, жат қылық төбе шашыңды тік тұр­ғызады. Үлкенді сыйлау, кішіге ілти­пат жетпей жатады. Әлгі қоғамдық көліктің орындықтарында өрімдей жастар телефондарын қызықтап отырады да, қалтыраған қарттар тізесі діріл­деп тік тұрады. Бұл қалай десең, олардың арасынан дүрсе қоя бере­тіндер, кешегі дәуір кетіп, жаңа дәуір орнағанын санаңа сіңіретіндер табыла кетеді. Әрине, жақсы әдет те бар. Біз жақсымызды қалыптастыра отырып, Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, жоғымызды іздеп тапқан соң, халықтық қалыппен оны ілгері апаруға тиіспіз. 


Мәдениетті, терең білімді адам еш уақытта да кеуделемейді. Ұлық болса да, кішік жүреді. Осы күндері елдің арасында құқық қорғаушылардың мәдениеті туралы алуан әңгімелер айтылып қалып жатады. Әсіресе, ол МАИ қызметкерлерінің өктемдігінен, кеудесін өрге айдап шыға келетінінен, сауатының кемшіндігінен байқалады. Олар «бүйтіп жіберуге болады» деп үлкен-кішіні ықтырып, өзін биік ұстауға бейім тұратыны аңғарылады. Сондай келісімсіз іс өзгелерден гө­рі, өз ұлтымыздың өкілдерінен аз кез­­дес­пей­ді. Қазақтың хас батыры Қасым Қайсенов айтты деген бір аңыз сөз ойға түсіп отыр. Ол ақиқат та болуы мүмкін. Кеңес заманында ақ­шаң болғанмен машина алу қиынның қиыны болатын. Жоғарыдағылардың шапағатымен батыр ағамыз «Волгаға» қол жеткізіпті. Оның нөмірін алайын деп тиісті мекемеге келе жатқан жолда бір МАИ қызметкері тоқтатқанда, «Әй, сен, анау жақтан шыққан бұйрықты естімеген екенсің ғой. Отан соғысына қатысқан ардагерлердің машинасында нөмір болмайды», депті батыр қызметкердің сауаттылығын білмек болып. Аңырып қалған жігіт «А-а!», деп кешірім сұрапты. Сонда Қай­сенов басын шайқап, «Мынаның сауаты кем, шикібас біреу болды-ау, ә?! Мен құтылдым, ал басқалар тұтылады», деген әттеген-айын айтқан көрінеді. 


Тәуелсіз мемлекетімізге қазір шет­елдіктер келіп-кетіп жатыр. Соларға қыз­мет көрсету кезінде арадан табыс түсіруді ойлағандар ұятқа қалып жат­­қанын да құлақ шалады. Сонда өзге жұрт өкілдері бұларда қызмет көр­сету мәдениеті әлі жетілмеген екен демейтініне кім кепіл бола алады? Өзгені қойып өзімізді өзіміз алдауға бейім болып бара жатқанымыз да рас. Сол іштегі сайрап тұрған «шындықты» сыртқа шы­ғарғанда, жасандылық көрінбей қалмайды. Мұндай ыңғайсыздықты атам қазақ бірер сөзге сыйғызып, «К­ө­зің күлімдеп тұр ғой» демейтін бе еді. Жемқорлықтың жегі құрты мен сы­байластықтың өршуі де мәдениеттің кемдігінен екені сөзсіз. Ендеше, қызмет көрсету мәйегін бекіту үшін біріншіден, ақша емес арды ойласақ, екіншіден, ұлт намысы өз намысымыз деп алға оз­дырсақ, үшіншіден, елдігімізді баға­лап, оның киелі екенін, иесі «мен» деген ұғымды әр қазақ төбеге ту етіп көтеріп жүрсе, төртіншіден, өзгенің әлем-жәлеміне көз тіге бермесек – бір сөзбен айтқанда, «Бір адамның бақыты – бір ұлтты бақытты қылуға жетпейді. Ұлтын, Отанын көркейту, қандас, діндес, тілдес бауырларының қамын жеу – бұл жақсы жұмыс. Адамның өз басының көр­кеюімен ұлт көркеймейді, ұлты көр­кейсе – өзі көркейеді», деген Жүсіпбек Ай­мауыт­ұлының сөзін көкейімізге түйсек, мәдениеттің мәйегі өзінен өзі бүр жарып, бүтін ұлттың ұрпағы қалыптасар еді.

Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Таразда Астана атауын ауыстыруға байланысты акция өтті

25.03.2019

Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

25.03.2019

Илон Маск: Марста қалашық салына бастағанын көргім келеді

25.03.2019

«Алтын адам» Татарстан төрінде

25.03.2019

Атырауда «Елордамыз – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік концерт өтті

25.03.2019

Мұғалжар ауданында аз қамтылған отбасыларға қаржылай сертификаттар берілді

25.03.2019

Ж. Қасымбек Батыс Қазақстан облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігін тексерді

25.03.2019

Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

25.03.2019

Жалғыз райхан жәудіреп жазға қалды

25.03.2019

26 наурызда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

25.03.2019

Жастар жылы жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

25.03.2019

Жеңіс Қасымбеков Ақмола облысының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді

25.03.2019

Қаламқас мұнай кен орнында ұңғыма жанып жатыр

25.03.2019

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтті

25.03.2019

Ұлтты өркениет көшіне қосқан кемеңгер - Шәбден Тілеумұрат

25.03.2019

Нұр-Сұлтан атауының берілуі өте орынды әрі лайықты шешім болғаны анық - Әнуарбек Мұхтарханов

25.03.2019

The Associated Press: Назарбаев тұрақтылық пен ұлтаралық бейбітшілікті қолдаған Қазақстанды құрды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу