Сұлулар киген киімдерде араб мәдениетіне сай өрнектер мен табиғат орнаментінің белгілері үйлесім тапқан. Араб көйлектері түрлі-түсті жібек маталардан тігілген. Қатарлық киімдердің үлгісін қазақстандық арулар киіп шықты. Әлем бойынша жеті дербес сән көрсетілімін жасаған Уәдіханың киiм үлгiлерiндегі алтын түстес әшекейлер көздiң жауын алды.
«Мен соңғы топтамамдағы 10 дәстүрлi көйлегiмдi көрсеттiм. Олар заманауи үлгiде жасалған. Мысалы, топтамада үйлену тойында киетiн жасыл түстi көйлек бар. Көйлектерiмнiң көбi жылтыр. Жалпы, мен қызыл, жасыл, сары сияқты ашық түстердi қолданғанды ұнатамын. Киiмнiң жиегiне ою-өрнектi алтын жіппен қолмен тiгемiн. Сән саласында жүргенiме он жылдай уақыт болды. Қатардың дәстүрлi киiм үлгiлерiн көрсетiп жүрген тұңғыш араб әйелiмін десем, артық айтқаным емес», дейдi дизайнер.