22 Тамыз, 2017

Трамп Ауғанстандағы АҚШ әскерін қалдырмақ

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ әскерінің Ауғанстанда бұдан әрі де қала беретінін мәлімдеді.

Трамп Ауғанстандағы АҚШ әскерін қалдырмақ

Трамп мырзаның айтуынша, АҚШ әскерін Ауғанстаннан асығыстықпен алып кету террористерге мүмкіндік бермек.

Vox.com журналисі Алекс Уард бұл шешім арқылы Дональд Трамптың бұрынғы президент Барак Обаманың саясатын қайталап отыр. Айырмашылығы – Обама 2009 жылы әскер 18 айда қайтады десе, Трамп нақты мерзімді атамады.

«Америка прогресс пен жауапкершілікке қол жеткізгенше Ауғанстан үкіметімен жұмыс істей береді», деді Трамп.

BBC хабарлағандай, Трамп мырза Пәкістанды меңзеп, АҚШ-тың экстремистерге жағдай жасайтын елге шыдамсыздықпен қарайтынын айтты.

«Біз Пәкістанға миллиардтаған доллар қаражат беріп отырмыз, ал олар біз күресіп жүрген террористерді өз еліне кіргізіп отыр», дейді ол.