Күрес • 22 Тамыз, 2017

Әлем чемпионаты-2017: Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Париж қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні грек-рим күресінен 59 келі салмақта сынға түсіп жатқан балуанымыз Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлем чемпионаты-2017: Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты

Ол қарсыласын бар болғаны 29 секундта 8:0 есебімен ұтып ширек финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, отандасымыз осы әлем біріншілігіндегі қарсыласын ең жылдам ұтқан балуандардың бірі атанды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше әлем біріншілігінің алғашқы күні күрестің осы түрінен 71 келі салмақтағы балуанымыз Демеу Жадыраев күміс жүлдені жеңіп алып, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені ссыйлаған болатын. Ол финалда неміс балуанына 8:3 есебімен ұтылып қалды.