Қазақстан • 24 Тамыз, 2017

Павлодарда футболдан «Аймақтар турнирі» өтті

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ертіс» футбол клубы баспасөз қызметі хабарлағандай, еліміздің футбол федерациясы ұйымдастырумен алғаш рет өткізген турнирде Павлодар, Астана, Ақтөбе, Өскемен және Атырау өңірлерінің командалары қатысты. Орталық стадиноға әуесқой футболшылардың ойынын көруге көптеген жанкүйерлер, спорт мамандары жиналды.

Павлодарда футболдан «Аймақтар турнирі» өтті

Ал алтын үшін жергілікті «Ақбет» командасы мен «Өскемен» командасы арасында жарыс өтіп,  павлодарлықтар жеңіске жетті. Қола жүлдені  «Астана» командасы иеленді. «Ақбеттің» команда капитаны Әлібек Бақыбаев  өз командасының  нағыз футболшылар деп мақтан етті. Негізі жартылай финалға өткен 4 команданың қатарындағы «Ақбет» пен «Нардос» келер жылы «Ертіс» футбол клубымен бірге еліміздің Кубогі үшін футбол ойынына қатысады.  Ұйымдастырушылар футбол турнирін өткізуді енді  дәстүрге айналдырмақшы. Келер жылы еліміздің барлық өңірлерінің коимандалары келіп футбол турниріне қатысады мақсаттары бар. Бұндай  ойындардың өтуі  еліміздің футболдың  дамуына, жасөспірім футболшылардың  қатары көбеюіне, әсіресе , қазақ жастарының  қызығуышылығын арттыруға  ықпал етеді. Енді турнирде  жартылай финалға шыққан 4 команда еліміздің Кубогі үшін футбол ойынына баруға жолдама алды.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар 

Суреттер  спорт клубтан алынды

Соңғы жаңалықтар