Қазақстан • 24 Тамыз, 2017

Қазақстанда шыны бөтелкелерді жаппай тапсыру қайта жанданады

875 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда шыны ыдыстарын (қайта пайдалану) кері өткізу нарығын дамыту бойынша қолға алынған пилоттық жобаның алдын ала қорытындысы келтірілді. Бірінші кезең аясында (2016 жыл соңы мен 2017 жыл қаңтар) 5 млн шыны бөтелке жиналды.

Қазақстанда шыны бөтелкелерді жаппай тапсыру қайта жанданады

Екінші кезеңдегі бір жарым айда (2017ж. 15 шілде - 20 тамыз) халықтан 1 млн 754 мың 126 шыны бөтелке қабылданды.  

Аталған бастаманы енгізу нәтижесінде шыны бөтелке жинаушы компанияларға қолдау көрсетілсе, екінші кезең аясында халықты шыны бөтелке өткізуге ынталандыру болды. Жобаның нәтижесінде халыққа шыны бөтелкені өткізу пайдалы болып отыр. Қазір қабылдау бекеттерінде бір шыны бөтелкені 8-ден 15 теңгеге дейін өткізуге болады. Қала шетінде тұратындар үшін бөтелке қабылдаушы компаниялар арнайы жылдымалы бекет қызметін іске қосқан. Жиналған шыны ыдыстар алкогольді және алкогольді емес сусындар шығаратын өндірушіге жеткізіліп, бөтелкелер қайта пайдаланылады.

Аталған пилоттық жоба Қазақстандағы қайта пайдалануға келетін шыны нарығын дамыту мақсатында енгізіліп отыр. Жыл сайын елімізде 340 мың тонна шыны бөтелке шығады. Соның 30 мың тоннасы ғана сынық қалдық ретінде қайта өңделеді.  Қалған 270 -290 мың тоннаға жуық көлемдегі шыны ыдыс қоқыс полиногондарына тасталады. ӨКМ Операторының пилоттық жобасы шыны ыдыстарды қайта пайдалануды ынталандыруға бағытталып отыр.

Қолданыстағы шыны ыдысты қайта пайдаланудың негізгі басымдылықтарына тоқталсақ:

Қоқыс полигондарының ұлғаю көлемін қысқартады.

Қоршаған ортаға салмақ салмай, шикізатты аз пайдалану. Мысалы, бір тонна бөтелкені (2 860 дана) шығаруға 1,2 тонна табиғи шикізат (соның ішіне 0,59 тонна кварц құмы, 0.172 тонна әктас, 0,186 тонна соды және 0,072 тонна дала шпаты) кетеді. Сонымен қатар сағатына 4 МВт электр энергиясы жұмсалады. Бөтелкені жасап шығудан қарағанда, оны қайта пайдалану табиғи ресусты үнемдейді.

Жаңа жұмыс орыны ашылады.

Қайта өңдеу саласын дамытуға инвестиция тартуға қызығушылықты арттырады.

Қазақстанда шыны бөтелкелерді жинау бойынша пилоттық жобаның қорытындасы 2017 жылдың соңында жасалады.