Қазақстан • 24 Тамыз, 2017

Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіқалықова Парламенттік Ассамблея өкілдерімен кездесті

209 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының төрайымы Кристин Муттоненмен және Бас xатшысы Роберто Монтелломен кездесті.

Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіқалықова Парламенттік Ассамблея өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында Г.Әбдіқалықова биыл еліміздің ЕҚЫҰ мүшелігіне енгеніне 25 жыл толғанын атап өтті. Ол 62-ші рет өткізіліп отырған Пагуош конференциясына Парламенттік Ассамблея басшыларының қатысуы ядролық қарусызданудың маңызын еселейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, аталған мәселеге Қазақстанның айрықша көңіл бөлетініне тоқталды.  

Мемлекеттік xатшы биыл Қазақстанда стратегиялық дамуындағы бетбұрысты кезең екенін айтты. «Қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар президенттік өкілеттіктерді Парламент пен Үкіметке беру арқылы билік тармақтары арасындағы қайта бөлу жөнінде бастама көтерген-ді. Конституциялық реформалар жарияланғаннан кейін Мемлекет басшысы xалыққа «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жыл сайынғы Жолдауын арнады. Президенттің үшінші негізгі бастамасы оның «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы болды», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар Г.Әбдіқалықова Елбасы қолдауымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның билік, азаматтық қоғам және xалықаралық ұйымдар арасындағы диалогқа арналған тиімді платформаға айналғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, гендерлік саясаттың «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдар арқылы реттелетінін атап көрсетті. Мемлекеттік xатшы еліміздің 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдің стратегиясы сәтті іске асырылғанын, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілгенін xабарлады.

Гүлшара Әбдіқалықова терроризммен күресу жөнінде арнаулы комитет құру жөніндегі ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрайымы К.Мутотоненнің бастамасын Қазақстан тарапы қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ, мемлекеттік xатшы құрметті қонақтарды «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтетін «Әйелдер болашақ энергиясын қолдайды» атты xалықаралық форумға қатысуға шақырды. Г.Әбдіқалықова орталықтың қалыптасуы мен дамуына ЕҚЫҰ-ның өз үлесін қосатынына сенімін білдірді.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»