Парламент жоғарғы Палатасының басшысы БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі мәртебелі өкіл ретіндегі қаруды таратпау секілді күрделі салада оның табысты болуына тілектестігін білдірді.
Қ.Тоқаев бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауда, қауіпсіздіктің халықаралық жүйесін нығайтуда БҰҰ маңызды құрал екенін атап өтті. Сенат Төрағасы Қазақстан Қарусыздану жөніндегі конференцияның қызметіне зор маңыз беретінін және оны қарусыздану, қаруды таратпау және бақылау саласындағы көптарапты бірден-бір келіссөз алаңы ретінде қарастыратынын айтты.
И.Накамицу ядролық қарусыздану ісіндегі Қазақстанның көшбасшылығына жоғары баға беріп, осы тақырыптағы пікірсайысқа ғалымдарды тартудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың алдағы уақытта ратификациялануы мәселесін талқылады. Құжат ядролық қарусыздану мәселелері жөніндегі соңғы 20 жылдағы заңды түрдегі міндетті құрал болып табылады және алдағы қыркүйек айында қол қоюға ұсынылу жоспарланған.