ЭКСПО-2017 • 01 Қыркүйек, 2017

Корея павильоны 500 мыңыншы қонағын күтуде

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Корея павильонының 500 мыңыншы қонағы «Asian Airlines» әуе компаниясы ұсынған Кореяға тегін ұшып барып-келу авиабилеті түріндегі сыйлық алады. 

Корея павильоны 500 мыңыншы қонағын күтуде

Мемлекет павильонының ұйым­дастырушысы – Сауда және инвестициялар агенттігі хабарлағандай, 26 тамыз күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Корея павильонын аралап, елдің ақылды энер­гетикалық шешімдерімен танысқан. Бұл күні Елбасымен бірге «Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есі­мов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков және басқалар болды.

Қазақстан Президентіне «Болашақ энергиясы. Ақылды өмір» басты шоуы қойылды. Ол Корея технология­сына үлкен қызығушылық  танытып, ақылды планшеттердің көмегімен күн панелімен, аккумулятормен, су жанармайымен жүретін автомобильмен және басқа да технологиялармен танысты. 

Корея павильонының 400 мы­ңыншы көрермені Қази Қаптағаев өз сұхбатында: «Корея павильоны ең үздік және ең қызықты экспонаттарды ұсынған. Сондықтан кезекте уақыт өткізгенім үшін еш өкінбеймін. Болашақта Оңтүстік Кореяға барып, озық технологиялар мен ел мәдениетін өз көзіммен көргім келеді», дейді.