Театр • 06 Қыркүйек, 2017

Астанада жас режиссерлер фестивалі өтіп жатыр

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағдарламасы ая­сында Қазақстан театрлары ассоциациясы ұйымдастыруымен жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы I Респуб­ли­ка­лық форум-фестивалі өтуде.

Астанада жас режиссерлер фестивалі өтіп жатыр

2-8 қыркүйек аралығындағы Форум-фестиваль театр режиссерлерінің шығармашылығына жол ашып, қазақ режиссурасын жаңа есімдермен толықтыруды мақ­­сат тұтады, сонымен қатар, жас және танымал театр ре­жис­серлерімен пікірталастар, лекциялар, шеберлік-сынып­та­­ры, семинарлар өткізіліп, отандық өнердің өрісін кеңейтуге мүм­кіндік туады.

Қазақтың жаңа­шыл театр режиссері Қайрат Сүгір­бековтің есімін есте қалдыру мақсатында ұйымдастырылып отырған ша­раның басты мақсаты талант­ты жас режиссерлер шы­ғар­ма­шы­лығына қоғам мен қалың көп­шіліктің назарын ауда­ру. 

Форум-фестивальге респуб­ли­камыздағы 20-40 жас аралы­ғын­дағы жас режиссерлерден Елік Нұрсұлтан, Дәурен Серғазин, Дина Құнанбайқызы, Рүстем Жанаманов, Болат Әбді­рахманов, Фархад Молда­ға­лиев, Жұлдызбек Жұман­бай, Гүл­наз Қамысбаева, Мейрам Хабибуллин және Айдын Салбанов қатысуда.

Фестиваль барысында кө­рер­мендер Қазақтың мем­­ле­кеттік М. Әуезов атындағы ака­де­мия­лық драма театры, Ғ.Мү­сі­репов атындағы балалар мен жас­өспірімдер театры, Рес­пуб­ли­ка­лық академиялық неміс драма театры, Астана Жастар театры, Ақтөбе облыстық «Алақай» театры, Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы қазақ драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, Алматы қаласы мемлекеттік қуыршақ театры, Атырау облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры қойылымдарын тамашалай алады. 

Қаршыға КҮЛЕН