Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017

Африка мемлекеттерімен ынтымақтастықтың мәні зор

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Джибути Республикасының Президенті Исмаил Омар Геллемен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Африка мемлекеттерімен ынтымақтастықтың мәні зор

Кездесуде Мемлекет басшысы Джибути Республикасының Президентін Ислам қаржысы саласындағы жаһандық сыйлыққа ие болуымен құттықтады.
– Сіздің сапарыңыз ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­сінің өтуімен тұспа-тұс келді. Еліңіз тәуелсіздіктің 40 жылды­ғын атап өтті. Сіз бүгінгі сыйлық­қа лайықтысыз. Мен сізді құттық­тай­мын, – деді Қазақстан Прези­денті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан­ның Африка елдерімен ын­ты­мақтасуға зор мән бере­тініне тоқталып, Джибути Рес­пуб­ликасының Африка құрлығында маңызды логистикалық орта саналатынын атап өтті.

Исмаил Омар Гелле кездесуге ризашылық білдіріп, бұл оның Астанаға келген екінші сапары екенін айтты.

– Мен мұнда алғаш рет 2011 жылы болдым. Сол уақыттан бері Қазақстанның қарқынды дамып, Астананың таңғаларлықтай өз­гергенін атап өткім келеді. Бүгін­де Қазақстан бүкіл ислам әлемі үшін зор маңызға ие болып отыр, – деді Джибути Республикасының Президенті.