Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017

Астанада Мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясының отырысы өтті

215 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Қазақстан, Беларусь, Венгрия, Қытай, Ресей, Словакия, Украина және Чехия сынды ірі мұнай тасымалдау компанияларының басшылары экономикалық ынтымақтастық мәселелері мен ұйымның 2018 жылға арналған шаралар жоспарын талқылады.

Астанада Мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясының отырысы өтті

Тараптар жарық көздерінің тиімділігі, заңнамалық сұрақтар, мұнай жеткізілімі аясында МТХА-ның тұрақты эксперттік топтарының қызметін, биыл Чехия, Словакия, Венгрия және Қытай мамандары бірінші рет қатысқан «Үздік маман-2017» конкурсының нәтижесін саралады. Сондай-ақ, «Транснефть» ЖАҚ II Халықаралық ғылыми-техникалық жастар конференциясының дайындығымен бірге басқа да мәселелерді ортаға салды.

 «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов ұйымның кезекті отырысын Астанада өткізу қазақстандық компания үшін маңызды оқиға болып саналатынын баса айтты. 

- Біз 2017 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ құрылғанының 20 жылдығын атап өтудеміз. Қазақстандық мұнайқұбыршылар үшін мерейлі жылы ассоциация мүшелерін қабылдау жоғары мәртебе. Сондай-ақ, шара халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесімен дәлме-дәл келді. Осы кездесу мемлекеттеріміздің экономикалық тұрарақтылығын нығайтуына септігін тигізеді деп сенемін.

Анықтама:

Мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясы 2013 жылы құрылды. МТХА қатысушы-компаниялардың мұнай құбыры жүйелерін тиімді дамытуға ортақтасып, халықаралық мұнай тасымалының тұрақтылығын нығайту үшін жасақталды. МТХА қызметі барысында еуроазиялық кеңістікте мұнай тасымалымен байланысты стратегиялық жоспарды әзірлеп, мұнайды сақтау, мұнайқұбырларын пайдалану, диагностика, тарифтің құрылу мәселелері талқыланады.  МТХА құрылтайшысы - «МЕРО ЧР» АҚ (Чехия) сауда компаниясы. «ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылдың 4 қыркүйегінен бастап МТХА-ның мүшесі атанды. Бүгінгі күні МТХА 8 ұйым кіреді: «ҚазТрансОйл» АҚ (Қазақстан), «Транснефть» ЖАҚ (Ресей), «Транспетрол» АҚ (Словакия), «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ (Беларусь), «МЕРО ЧР» (Чехия), «MOЛ Венгрия» АҚ (Венгрия), «CNPC» (Қытай), «Укртранснафта» ЖАҚ (Украина).