Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017

Астанада италиялық хирург көмейі тарылған балаларға операция жасады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 4 және 8 қыркүйек аралығында «Балалардың 4-дәрежелі тыртық көмейінің тарылуын хирургиялық жолмен емдеу» тақырыбында шеберлік класстары өтуде. 

Астанада италиялық хирург көмейі тарылған балаларға операция жасады

Отандық хирургтар шара барысында осындай патологиясы бар балаларды емдеуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды меңгереді.

Шеберлік сабағын өткізуге Италиядан профессоры Роберто Пукседу шақырылды. Бұл күндері Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері профессор Роберто Пукседумен бірлесіп тыртық көмейінің тарылуына, созылмалы сиалоаденитке, лимфалық жүйенің туа біткен ақауына,лимфангиомаға шалдыққан, шетелде емделуге мұқтаж 19 пациентке операция жасалды.

Бұрын мұндай диагнозы бар науқас балаларды шетелдердің клиникаларына  емдеуге жіберетін және мұндай оталардың құны 25 мың евроға дейін жетеді. Ал биыл бюджеттен бөлінген қаражат есебінен науқастарға операция тегін жасалды. 

Соңғы жаңалықтар