Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017

«Астана марафон-2017» шарасына 3 мыңнан аса қатысушы тіркелді

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марафонға қатысу үшін ұйымдастырушылардың www.astana42k.com, сайтында онлайн тіркелуге болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Астана марафон-2017» шарасына 3 мыңнан аса қатысушы тіркелді

Жыл сайынғы Астана марафонына қатысуға тіркеуден өткен қатысушыларға биыл «Әрқашан бірге» деген жазуы бар жейде таратылады.

-Қазіргі таңда Астана марафонына 3724 қатысушы тіркелді. Бірақ бізде әлі де он күндейуақыт, сондықтан күтеміз. Шараға басталғанға дейін 4500-5000 - ға жуық адам тіркеледі деп ойлаймыз, - деп хабарлады медиа орталық тілшісіне «Астана марафоны» директоры Гаухар Брамлей-Фентон.

Қатысушыларды тіркеу әлі де жалғасуда. 11 қыркүйекке дейін 42,2 шақырым мен 21,1 шақырым қашықтыққа қатысушы жеңіл атлеттер бағын сынауға тіркеле алады. 10 шақырым қашықтықта тіркелу 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Сонымен қатар қатысу үшін 14 қыркүйекке дейін Crossfit Astana клубтары арқылы және 15-16 қыркүйек сағат 19:00-ге дейін Astana Marathon EXPO 2017 спорттық жәрмеңкесі кезінде тіркелуге болады.

Биыл марафон Қазақстан астанасында 17 қыркүйек өтеді. Спортшылар 3 қашықтық бойынша жарыс жолына шығады. Ең шыдамдылары 42,2 шақырымды, дайындалған атлеттер 21,1 шақырымды, ал әуесқойлар 10 шақырымды бағындырады. Бұдан бөлек скандинавиялық жүру ұсынылады.

Шараға кенияляқ есімдері белгілі желаяқтар қатыспды деп күтілуде. Марафондық қашықтықтарда тұрақты таңғаларлық нәтиже көрсетуші Саймон Кипругут Кируй (Simon Kiprugut Kirui), Генри Кипсанг (Henry Kipsang) и Чебой Хильда Джепкогей (Cheboi Hildah Jepkogei) бар.

Марафон 17 қыркүйек күні мамандандырылған халықаралық ЭКСПО көрмесіне қарама-қарсы Р4 автотұрақ аумағында өткізіледі.