Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2017

Шетелдік компания өкілдерімен кездесті

704 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ExxonMobil Production Со. компаниясының президенті Н.Даффин бастаған аталған ұйымның өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

 

Шетелдік компания өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында Ex­xon­­Mobil компаниясының Қазақстандағы қазіргі қызметі туралы мәселелер, соның ішінде Теңіз және Қашаған мұнай кен орындарын игеру жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, компания Қа­зақстанда 1993 жылдан бастап жұ­мыс істейді және еліміздегі ал­ғаш­қы ірі инвесторлардың бірі.

ExxonMobil Теңізде кен орны бар «Теңізшевройл» ЖШС-інде – 25%, Қашаған кен орны мен Каспий құбыры желісі консорциуміне 7,5% үлескерлік қатысуды қамтитын Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім аясында 16,81% үлестік қатысуға ие.