Күрес • 08 Қыркүйек, 2017

Әлем барысы ‒ 2017: Қазақ балуандары екінші кезеңге өтті

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өтіп жатқан «Әлем барысы ‒ 2017» турнирінің бірінші айналымында боз кілемге шыққан қазақстандық балуандар келесі кезеңге өтті. 

Әлем барысы ‒ 2017: Қазақ балуандары екінші кезеңге өтті

Ең әуелі биылғы «Қазақстан Барысы» бәсекесінің жеңімпазы Еламан Ерғалиев камерундық балуан Долассен Диюдоннның арқасын жер иіскетсе, одан кейін белдескен Ержан Шынкеев ирандық Мозами Фар Вахидтен айласын асырып кетті.

Сонымен қатар, Айбек Нұғымаров, Дәурен Нұралиев, Айбат Сейтен тікелей екінші кезеңге жолдама алды.

Келесі кезеңде Еламан кореялық спортшы Ли Бионгвамен белдессе, Ержанға эстониялық Дмитрий Лепп қарсылас атанды. Айбек поляк Пиотр Томашпен, Дәурен өзбек Мухсин Хисомидиновпен, Айбат аргентиналық Дел Рио Лусианомен күш сынасады.