Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев OIC15 форумын құруды ұсынды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ислам ұйымының алдыңғы қатарлы он бес мемлекеті бірігіп, OIC15 форумын құру керек. Бұл туралы бүгін Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Нұрсұлтан Назарбаев OIC15 форумын құруды ұсынды

Фото: Ерлан ОМАРОВ

«Ислам әлеміндегі маңызды ғылыми-экономикалық мәселелерді шешу үшін G20 форумы сияқты бізге де бейресми топ құратын кез келді деп ойлаймын. Ислам ұйымының алдыңғы қатарлы он бес мемлекеті бірігіп, оны OIC15 деп атасақ дұрыс болар еді. Ислам үмметіне ғылым мен техникалар саласын да дамыту мәселесі өте маңызды болып отыр. Осыған орай алдыңғы қатарлы батыс елдерімен тұрақты әрі жемісті байланыстар орнату қажет. Олармен өзара байланыста болуымыз түбі ислам елдерінің ілгерілеуіне пайдасын тигізетіні анық», - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам әлемі мен батыстың ашық диалогына жол ашатын басқосулардың жиі өткенін жөн деп санайтынын атап өтті.

«Меніңше, ғасырлар бойы қалыптасқан түсінбестік тудыратын стереотиптік көзқарастардан бас тартуымыз керек. Біз көп ұлтты және конфессиалы қоғамда дінаралық келісімді сақтаудың қазақстандық тәжірибесімен бөлісуге әзірміз», - деді Мемлекет басшысы.