10 Қыркүйек, 2017

Ислам әлеміне рухани сілкініс, жаңғыру қажеттілігі туындап отыр - Елбасы

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ислам әлеміне рухани сілкініс, жаңғыру қажеттілігі туындап отыр. Бұл туралы бүгін  елорда төрінде  басталған Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл  Қазақстанда халықты өзінің тарихи  бастауларына жетелейтін рухани жаңғыру бағдарламасы іске асырылады. Оның аясында  ұлттық сананы жаңғырту, рухани игерілетін өзекті мәселелер қолға алынбақ. Осы орайда ислам әлеміне де рухани сілкініс, жаңғыру қажеттілігі туындап отыр деген ойдамыз», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы адамзат төртінші индустриялық революция қарсаңында тұрғандығын баса айтты.

«2017 жылы ғылыми-техникалық және инновациялық дамуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген  Ислам ынтымақтастық ұйымының елдері аз емес. Мұны ғаламдық инновациялар индексі арқылы  көріп отырмыз. Олардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктері 35-ші, Малайзия 37-ші, Түркия 43-ші, Катар 49-шы, Сауд Арабиясы 55-ші, Кувейт 56-шы орында және басқа да мемлекеттер бар. Ғалымдардың ізденісіне біз көмек көрсетуіміз қажет. Осы мақсатта, ұйым аясында ғылым мен технологияны дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдадық. Бүгін осы сыйлықпен марапаттаудың алғашқы рәсімін өткізетін боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.