ЭКСПО-2017 • 11 Қыркүйек, 2017

Астана көрмесі өнеге көрсетті

341 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО көрмелері мемле­кет­тер арасында ынты­мақ­тас­тықты орнатуға және жаһан­дық иннова­циялардың дамуына бірегей мүмкіндік береді. 

Астана көрмесі өнеге көрсетті

Ас­тана қаласында 130-дан ас­там ресми қатысушыны бірік­тір­ген ЭКСПО-2017 көрмесі үкі­меттер мен азаматтар арасында «Болашақтың энергиясы» тақырыбында жаһандық диалогқа бастау болды. Бұл ту­ралы Халықаралық көр­ме­лер бюросының арнайы күні ба­рысында ХКБ бас хатшы­сы­ның орынбасары Димитрий Керкентзес айтты. Ол өз сөзін­де халықаралық маңызды шараны табысты өткізуге көмек көр­сеткендерге, сондай-ақ кө­р­ме қонақтарына алғыс біл­дірді.

«ЭКСПО-2017 көрмелер тарихында асыл мұра қалдырады. Оған келушілер ағымдағы жылдың жаз айларында әсерлі сәулет ғимараттары мен құрылыстарды тамашалады. Ха­­лықаралық көрмелер бюросы алдағы мамандандырылған көр­мелерге ЭКСПО-2017 көр­месін үлгі тұтады. Сон­дық­тан осы жиынды ұйым­дас­тырушыларға риза­шы­лы­ғымызды жеткізгіміз келеді. Көр­менің сәтті өткізілуі – адал еңбектің нәтижесі», деді Димитрий Керкентзес.

Салтанатты жиында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов халықаралық ша­раға 115 мемлекет пен 22 ұйым қатысқанын еске салды. Көрменің үш ай жұмысы аралығында 40 мемлекет басшысы, 9 үкімет басшысы, 72 сыртқы істер министрі арна­йы ресми сапармен келген. А.Есімов жобаның барлық се­рік­тестеріне ЭКСПО-2017 көр­месінің дайындығына және оның табысты өтуіне қосқан үлес­тері үшін алғыс білдірді. «Бұл ауқымды жоба ел экономикасына оң әсерін тигізді және шамамен 50 000 жаңа жұ­мыс орындарын ашуға мүм­кіндік берді. Көрмелердің тә­жірибелеріне жасалған жете тал­дау барысында аталған жобалар мұраларының маңызы зор екендігін байқадық. Қа­зір­гі кезде ЭКСПО-дан кейін­гі кезеңнің бағдарламасы аяқ­та­луға жақын. Көрменің әрбір шар­шы метрін алдағы уақытта мақ­сатты қолдану жөнінде нақты жоспар бекітілген. Ең бас­тысы, 4 миллион көрме қона­ғы ұмытылмас әсер алды. Халықаралық павильондарға келушілердің саны 30 миллионды құрады және аталған көрсеткіш үшін қатысушы мемлекеттер ұсынған қызықты контентке алғыс айтамын», – деді басқарма төрағасы.

ХКБ арнайы күнінің мәдени бағдарламасы аясында Астана, Қытай және Біріккен Араб Әмірлігінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Асхат Райқұл,

"Егемен Қазақстан"

Суретті түсірген Ерлан Омар,

"Егемен Қазақстан"