ЭКСПО-2017 • 12 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-дағы павильондардың демонтажы 15 желтоқсанға дейін аяқталады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылғы 11 қыркүйегі мен 15 желтоқсан аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аумағындағы халықаралық павильондардың демонтажы жүргізіледі. 

 

ЭКСПО-дағы павильондардың демонтажы 15 желтоқсанға дейін аяқталады

Қатысушы мемлекеттер Көрме ұйымдастырушыларына павильондарды бастапқы түрде тапсыру мақсатында экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдар демонтажын, сондай-ақ тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет. Бұл іс 15 желтоқсанда аяқталады.

Сәулет департаменті мен Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті демонтаж процессіне бақылау жүргізеді.

Көрменің басты нысаны «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады.

Айта кетейік, 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымдар қатысқан «Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 қыркүйекте аяқталған болатын.

Алдын ала болжам бойынша 2 млн келушілер күтілген, алайда келушілердің жалпы саны 3 977 545 құрады.