Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2017

Он алты мың азамат әскерге аттанады

384 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігінің ұйытқы болуымен мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталды. Сонымен қатар, аталған ведомствоның жоғары әскери институттарында ағымдағы оқу жылы ашылды. Егер жоспар ойдағыдай жүзеге асырылса, биылғы күзде Қарулы Күштер мен өзге де әскери құрылымдар қатарына 1990-1999 жылдары аралығында туған 16 мыңнан аса азамат әскерге аттанады.

Он алты мың азамат әскерге аттанады

Жылына екі рет ұйымдас­ты­рылатын бұл үдеріс еліміздің «Әс­кери қызмет пен әскери қыз­мет­шілердің мәртебесі туралы» қолданыстағы заңы мен «Әс­кери қызметтің белгіленген мер­зімін өт­к­ерген мерзімді әскери қыз­мет­тегі әскери қызметшілердің за­пас­қа босатылуы және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылғы наурыз-маусым және қыр­күйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке ке­зек­ті шақыру туралы» 2017 жыл­ғы 16 наурыздағы Президент Жарлығына сәйкес жүргізіледі.

Сондықтан да, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қарулы Күштерінің, бас­қа да әскерлері мен әскери құрылым­дарының әскери бө­лім­де­рі мен мекемелерін жас­тар­­мен жа­­сақ­­тау мақсатында ағым­да­ғы жыл­­дың 2 қыркүйегінен ша­қы­ру жә­­не оларды медициналық тек­се­­ріс­­тен өткізу комиссиялары өз жұмысын бастады. Айта ке­тей­ік, әскери бөлімдер бойынша ша­­қырылушыларды іріктеу және бө­­лу кезінде алдын ала зерделеу нәтижелері мен шақырылуға дей­ін­гі алған білімдері ескерілетін бо­лады.

Ал әскери бөлімдерді жасақ­тау белгіленген тәртіп бой­ын­­ша жүзеге асырылады. Шақы­рылым мен медициналық куә­лан­ды­­руды жүр­гізу тәртібі туралы мә­­се­ле­лер­ді жедел шешу үшін Қор­­ға­ныс министрлігінде шақы­ры­­­лым ке­зеңінде «Қауырт желі» іс­­ке қо­сылады. Желіде жауапты лау­­азым­ды тұлғалар түсіндірме бе­­ріп, азаматтардың сауалдарына жау­­ап қайтарылады.
Елімізде оқу жылының бас­та­луына орай, жоғары білік­ті офи­цер­­лер даярлайтын маман­дан­ды­­рылған әскери институттарда бі­лім беру жүйелі кестеге көшкен.

Қорғаныс министрлігі ұсынған деректерге сүйенсек, биыл аталған ве­домствоның жоғары әскери оқу орындарына 600-ден астам курсант қабылданған. 1500 үміткердің ішінен іріктелген жас түлектер Құрлық әскерлерінің Әскери институтында 14 мамандық бойынша білім алады. Сондай-ақ, Әуе қорғанысы күштерінің Әс­ке­ри инс­титуты 8 мамандық, Ра­дио­элек­троника және байла­ныс Әск­е­ри-инженерлік инсти­ту­ты 5 ма­мандық бойынша жо­ғары әс­ке­ри кәсіби білім беру бағ­дар­ла­масы аясында жоғары білікті офицерлер даярлауды жүзеге асырады.

Оқу жылының басталуына орай, аталған әскери институттар­да жас курсанттар оқуға кіріс­ті. Оларға профессорлық-оқы­ту­шы­­лар құрам мен инженерлік-тех­ни­ка­лық құ­рамдардағы жоғары бі­­лікті маман­дардан құралған ұжым өкілдері теориялық жә­не тә­жірибелік білім беруде. Бі­лім ордалары заманауи оқу-ма­те­ри­алдық база мен түрлі тех­ни­ка­лық оқыту құралдарымен қам­та­масыз етілген. Сонымен қатар, кур­санттардың жайлы тұрмысы мен оқуы үшін әлеуметтік жағдай толық жасалған.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»