Білім • 20 Қыркүйек, 2017

Баланы сыни ойлауға үйретудің маңызы

17059 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген. Бұл – сөз әлі де маңыздылығын жойған жоқ. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оқушыларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді. Бұл – мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Сабақтың дұрыс жоспарланбауынан сапасы да болмайды. Осы орайда оқыту технологияларының берері мол. Солардың бірі – «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету».  

 

Баланы сыни ойлауға үйретудің маңызы

Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. 

Мұға­лім­нің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. Білім берудің сапасын жақсарту, баланың өзі ізденіп дәлелдеуін дамыту мақ­сатында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін өз сабақтарымда қо­л­данамын. Оқушы бұрын тек тың­даушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Мұғалім оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде жеке тұлғаның өзін­дік пікірі, қоршаған ортасына құрмет­пен қарау көзқарасы қалыптасып, таным, қабілеті ашылады. 

Сын тұрғысынан ойлау – ең алдымен, шығармашылық ойлау. Шығармашылық сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Сын тұр­ғы­сынан ойлау сынау емес, шың­дал­ған ой дегенге саяды. Сыни тұрғы­дан ойлау бағдарламасы оқу­шы­ның еркін сөйлеуіне, пікір талас­тыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Бұл бағдарламаны басшылыққа алғалы бері оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, өз бетінше шығармашылықпен ізде­нуге бейімделгені байқалады. Оқы­туда «Жұпта талқылау», «Ин­серт» стратегияларын қолдану арқылы бала­лар өз беттерінше тұжырым жасау­ға, ойларын еркін жеткізуге, ұқ­сас құбылыстар арасынан тиім­дісін таңдай білуге тырысады. Пос­тер қорғауда сенімділік ұялат­­са, «РАФТ» стратегиясы ар­қы­лы оқу­­шыл­арды тереңнен салыс­­тыра ой­лануға жетелейді. Блум өл­шем­­­дері арқылы қабі­летті оқу­шылар жұмыс істеуге, бір­­ле­се жұмыс жүргізуге дағды­ла­­на­ды. Сабақ барысында оқу­шы­лар INSERT картасы, Венн диа­грам­масы, концептуалдық кесте тол­тыру стра­тегиялары арқылы мәтін­нен өзі­не қажеттісін тауып, қол­дана білу­ге, семантикалық карта өз ойын әрқашан дәлелдей білуге, «Венн диаграммасы» арқылы салыс­тырып, талдау жасай алуға бейім­деле­ді. Сын тұрғысынан ойлау стра­тегиясы бойынша жүргізілетін жұмыс­та оқушылардың тиісті дең­гейде өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбы­лыс­тар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізуге білу дағдылары белгілі бір деңгейде қалыптасты деп айтуға болады.

Осы стратегия арқылы көп нә­ти­жеге жетуге болады. Оқушы­лар ойланады, ізденеді, бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік туады, жұппен жұмыс істеуге үйренеді. Ой түю арқылы керекті дәйектермен іздеп таба біледі, оны пайдалана білуге үйренеді. Сапалы оқыту мұға­лім бейнесімен танылатын сан-алуан элементтер арасындағы бай­ланыс, бұл белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалған кез­де жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Әрбір сабақтарда сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары жоғары білім нәтижесін көрсетеді. «Сын тұрғысынан ойлау» техно­логиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бо­йынша алуға тәрбиелейді. Оқу­шылар өзіндік жұмысына мақ­са­т­ты бағдарлар, айқын міндет­тер қоя білуге үйренеді. Бұл оқушының сыни тұрғысынан ойы дамып, өзіндік пікірінің қалыптасуында, өз ойын еркін, тиянақты жеткізе білуіне ықпалын тигізеді. Сынып­та жағымды психологиялық жағ­дай қалып­тасып, өзара ынтымақ­тас­тықта, жұмысты топпен жұмыла орын­д­ауға дағдыланады. 

Қазіргі заман талабына сай оқу­шы мектепте алған білімін өмір­де қолдана білуі маңызды. Елімізге қызмет ету үшін оқушы­лар білімді, ақпараттық техноло­гия­ларды қол­дана алатын, өмірде кездесетін проблемаларды шешуге бейімделген тұлға болуы тиіс. Бұл тех­но­логияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт-бағдар беруі ар­қылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәлі­мет­тер алып, еңбектену арқылы игереді. 

 Зәуре НҮСІПОВА, 
 Нұрым орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Алматы облысы, 
Кербұлақ ауданы