Білім • 22 Қыркүйек, 2017

Елімізде ақылы оқуға түскісі келетіндер ҰБТ-дан босатылуы мүмкін

646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ақылы оқуға түскісі келген талапкерлерді ұлттық бірыңғай тестілеуден босату мәселесі талқылануда. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық  реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Елімізде ақылы оқуға түскісі келетіндер ҰБТ-дан босатылуы мүмкін

«Өздеріңізде білетіндей, «Ақ жол» партиясы еліміздің жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсетіндер үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді алып тастау туралы бастама көтерген болатын. Қазіргі таңда біз мәселені егжей-тегжейлі талқылап жатырмыз. Ұлттық бірыңғай тестіні мемлекеттік білім гранттарын бөлу құралы ретінде қалдыру ұсынылған болатын», - деді Ерлан Сағадиев.