Ауыр атлетика • 23 Қыркүйек, 2017

V Азия ойындарында Қазақстан 9 медаль иеленді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстанның Ашхабат қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша V Азия ойындары өтіп жатыр. Қазақстан спортшылары бес алтын және төрт қола иеленді. 

V Азия ойындарында Қазақстан 9 медаль иеленді

«Алтынды» Перизат Жақыпбекова (белбеу күресі), Әділ Қасқабай (жүзу), Әсем Садықова (ауыр атлетика), Павел Воржев және Қазақстанның ерлер командасы (велотрек) еншілесе, Әлихан Қаранеев (бильярд), Қазақстанның жүзуден ерлер командасы, Сергей Пономарев (велотрек) және Ұлжан Дүйсембаева (белбеу күресі) «қоланы» місе тұтты. Жетін күнгі жарыстан кейін Қазақстан 46 медальмен (14-12-20) жалпы есепте бесінші орынға табан тіреді.

Бірінші орында 175 медальмен (69-51-55) - Түрікменстан, екінші орында 66 (17-14-35) медальмен - Иран және үшінші орында 77 (16-19-42) медальмен Өзбекстан келеді.

24 қыркүйекке дейін жалғасатын жарысқа Ұлттық Олимпиада комитетіне мүше 62 ел қатысып жатыр.