Медицина • 29 Қыркүйек, 2017

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Халықаралық кеңес құруды ұсынды

368 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Қырғызстанда болды. Министр Бішкек қаласындағы «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өткен «Қазіргі заманауи зайырлы мемлекет­тегі Ислам» тақырыбында ұйымдастырылған халықаралық конференцияға қатысты.  

 

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Халықаралық кеңес құруды ұсынды

Конференция жұмысы Қыр­ғыз Республикасының Прези­денті Алмазбек Атамбаев­тың құттықтау сөзімен ашылды. 

Конференция барысында Нұрлан Ермекбаев Қырғыз Рес­публикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа және осын­дай маңызды шараны ұйым­дастырған Қырғыз Үкіметінің өкілдеріне алғыс білдірді. 

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев өз сөзінде радикализм көріністеріне қарсы күрес бағытын көрсете отырып, деструктивті діни ағым­дар идеяларының насихатталу мәселесін көтерді. 

«Кеңес үкіметі кезеңінің өзін­де біздің халықтарымыздың ара­сында адамдардың дінге деген көзқарасына қарамастан, бейбіт­шілік пен толеранттылық­қа бағыт­талған діни дәстүрлер қалыптасқан болатын. Біз діни мұраларымызды заман талаптарына сәйкес бейім­деп, сақтап қалуымыз керек. Тек за­йыр­­лы қоғам ғана көпкон­фессия­лы ортада өзінің діни теңдігін қам­тамасыз ете алады», – деп өз ойын ортаға салды Нұрлан Ермекбаев. 

Министр халықаралық ынты­­мақтастықты тереңдету және діни негізде экстремизмнің ал­дын алу саласында тәжірибе ал­масу мен бірлескен шараларды қабыл­дау мақсатында діни қызмет сала­­сын реттейтін Орталық Азия ел­дері­нің ведомстволары ара­сында Халық­аралық Кон­суль­тативтік кеңес құру туралы ұсыныс білдірді.

«Бізге, мемлекет қайраткер­лері, ғылым мен дін жолындағы тұлғалар – бәріміз діни экст­ремизм мен радикализм тар­а­пынан туындайтын қауіп-қатер­лерге қарсы бірігуіміз керек... Мұндай кеңес өңірлік фор­матта бірлескен тиімді жұмыс тетік­терін қалыптастыруға жол ашады. Бірлесіп шешімдерді жүзеге асыру арқылы деструк­тивті күштерге қарсы тұра ала­мыз», – деп атап өтті ҚР Дін іс­­тері және азаматтық қоғам ми­нистрі Нұрлан Ермекбаев. 
Сондай-ақ министр конфе­ренция қатысушыларын мем­лекеттің және діндердің өзара әрекеттесуі жолында қазақ­стандық моделін қалып­тастыру бағытында Қазақстан Үкіметі тарапынан атқарылып жатқан шаралармен таныстырды. Заңды түрде жұмыс істейтін барлық діни бірлестіктермен ынтымақтастық орнату арқылы азаматтардың ар-ождан бостандығына деген құқықтарын қамтамасыз етудегі мемлекет қолға алып отырған жұмыстар туралы айтты. 

Министр қазақстандық қоғам этносаралық және дінаралық келісімді сақтаудың бірегей үлгісі болып саналатындығын атап өтті. Осындай оңтайлы тәжі­рибенің негізінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін өткізу туралы бастама жасады. 
Қазіргі зайырлы мемле­кет­терде исламның орны мен рөлін талқылау конференцияның басты тақырыбына айналды. Қатысушылар мемлекеттердің ұлттық мәдени ерекшеліктерін сақтау, теріс діни құнды­лық­тардың таралуын болдырмау және діни салада демократиялық басқарудың тиімділігін арттыру қажеттілігіне назар аударды.

Конференцияның ашылу сал­танатында, сондай-ақ Орта­лық Азия бойынша Еуропа­лық Кеңестің арнайы өкілі Петер Буриан, Үндістанның сыртқы істері жөніндегі мемлекеттік ми­нистрі Мушабар Акбар, Өзбек­стан Президентінің кеңесшісі Рус­там Камилов, Мысыр Араб Рес­­публикасының Мәдениет министрі Хельми Намнам, Тәжік­стан Республикасының Дін істері коми­тетінің төрағасы Сулаймон Дав­латов және Әзер­байжан, Бельгия, БҰҰ, ЕҚЫҰ-дан келген басқа да мәртебелі меймандар сөз сөйледі. 

Конференция жұмысына 19 елдің дін саласындағы уәкілетті органдарының басшылары, бедел­ді халықаралық ұйым­дар­­дың өкілдері және танымал шетелдік исламтанушы сарап­шылар қатысуда.