Медицина • 29 Қыркүйек, 2017

Қант диабеті – қатерлі дерт

632 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қант диабеті сырқатына душар болушылар саны жылдан жылға көбейіп, ғаламдық проблемаға айналып келеді. 

Қант диабеті – қатерлі дерт

Дүниежүзілік диабет федерациясының деректеріне қа­рағанда, жыл сайын бұл дерттен 5 миллионнан астам адам көз жұ­мады екен. 2016 жылға дейін осы сырқаттан әрбір 7 секундта бір адам қайтыс болған, ал 2016 жы­лы әрбір 6 секундта бір адам көз жұмыпты. Жалпы қант ди­абетімен әлемде 442 милли­он адам ауырады, бұл ғалам хал­­қы­ның әрбір 11-і деген сөз. Ал Қазақстанда бұл сырқатқа шал­­дыққандар саны бүгінгі таңда 300 мың адамнан артық болып отыр. Соның ішінде балалар да бар. Ал 2012 жылы олардың са­ны 211 мың еді. Бұл мәселе Оң­түст­ік Қазақстан, Алматы, Қа­ра­ғанды облыстары мен Алматы қаласында қатты өршуде. 

Біздің елімізде бұл науқасты емдеу үшін 22 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Алайда, қант диабетінің проблемасы денсаулық сақтау жүйесінің бақылауынан шығып кетіп, оған қарсы жүйелі ша­раларды жасауды талап етеді. Жалғыз Денсаулық сақтау мини­стрлігі емес, оған қарсы ве­дом­ство­аралық ынтымақтастық ор­натып, тұрғындарымыздың ден­саулығына бірлескен жау­ап­кершілік жүктеуіміз керек. Ха­лықаралық зерттеулердің мә­лі­ме­тіне қарағанда қант диабе­ті­не қар­сы төлемақының 55 пай­ызы пациенттерді арнайы дай­ын­дағанда ғана тиімді жұмсалады екен. Диабет мектептеріндегі тре­нингтердің де маңызы зор. Әсі­ресе, науқасқа ұшыраған бала­лар­дың тамақтануына қатты көңіл бө­лінуі керек. Қант диабетімен сыр­қаттанатын жандарға арна­лады делінетін «Диеталық та­мақ өнімдері», «Калориясы аз өнімдер» деген жазулары бар азық-түлік өнімдері науқастарға зи­янды болуы да мүмкін, өйткені олар­дың қанты мен майы көп бо­лып, науқасты күрделендіріп жі­бе­руі кәдік. Сондықтан бұл мә­се­лені үнемі қадағалауда ұстаған жөн. 

Сонымен қатар, эндокринолог дәрігерлердің жетіспеушілігі де бізде үлкен проблема болып отыр. Егер Жапонияда 10 мың адамға осындай бір дәрі­гер­ден келсе, Қазақстанда 40 мың адамға бір дәрігерден ғана келе­ді. Осыларды ескере отырып мен Премьер-Министрдің орын­басары Ерболат Досаевқа де­путаттық сауал жолдап, «Қант ди­абеті» ұлттық тізілімінің ақ­па­раттық жүйесін жетілдіру, тұр­ғын­дарға эндокринологиялық кө­мек беретін медициналық ұйымдардың Ережесін қайта қарау, эндокринолог мамандар дайындауды арттыру; қант диабетіне ұшыраған пациенттерге арналған оқулар мен тренингтер ұйымдастыру, полиция органдары мен ТЖМ, жол по­лициясы қызметкерлерінің, жол­серіктердің және т.б. қант диа­бе­тімен ауыратын науқастарға ал­ғашқы көмек беру тәсілдерін ме­ң­герту мәселелерін ұсындым. 

Зәуреш АМАНЖОЛОВА,
Мәжіліс депутаты,
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі