ЭКСПО-2017 • 30 Қыркүйек, 2017

EXPO кезінде балаларды тасымалдаған автобустар мектептерге беріледі

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік құралдары қалалық мектептердің оқушыларын тасымалдау үшін пайдаланылады, - деп xабарлайды Астана әкімдігінің медиаорталығы.

EXPO кезінде балаларды тасымалдаған автобустар мектептерге беріледі

ЭКСПО қарсаңында әкімдік көрме кезінде 65 мыңнан астам балғынды тасымалдаған мектеп автобустарын сатып алды. Қазіргі уақытта оларды оқушыларды тасымалдау үшін пайдалану жоспарланып отыр.

"Келесі кесте бойынша жұмыс атқарылатын болады: ата-аналар мектептермен келісім-шартқа отырады, олар өз кезегінде оператормен қызмет көрсету жөнінде келісім жасасады, - деді "Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы" ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.