Аймақтар • 05 Қазан, 2017

Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық кешені жаңартылды

2025 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақтың  рухани үш бәйтерегінің бірі, кемеңгер ағартушы Ыбырай Алтынсариннің кесенесі Қостанай қаласынан  жеті шақырым жерде, Тобыл өзенінің бір иінінде  тұр. Тобылдың қаланы жиектеп ағатын  бір саласын кесіп  өтетін ұлы жолдың бойындағы «Алтынсарин кесенесі» деген сілтемеге қарай бұрылғаннан-ақ алтын сырға тағынған күзгі  қайыңның арасынан болашаққа мұра еткен даналықтың рухындай биіктеп, ағараңдап Ыбырай кесенесінің ақ күмбезі көрінеді.   

 

Ыбырай Алтынсариннің  мемориалдық кешені жаңартылды

Маңғыстаудың ұлу тасы­нан са­лын­ған кесене ақ жұмырт­қа­дай аппақ, көрікті. Бұл кесене ғана емес, ұлы ағартушы Ыбы­рай Алтынсариннің кесе­не-ке­шені. Оған апаратын тас жол қай­та төселген, сол айналаның бар­­л­ы­ғы асфальтталған. Ке­шен­ге кіре­беріс биік қақпа да оның сал­танатын асы­рып тұр­ғандай. Ағар­тушы аш­қан мек­теп­тердің кар­тасы көрсетіл­ген, мектептер тізі­мі ойып жа­зыл­ған мәрмәр тақ­та, осы жер­де тек Ыбырайдың бей­і­ті ғана емес, атасы Балғожа, әке­сі Алтынсары жатқан үлкен қо­рым­ның болғаны жөніндегі ақ­па­рат жазылған қара гранит тас оның халқымыздың қа­сиет­ті орнының бірі екен­дігін айғақтай түседі. Күздің құбыл­малы күні қазан шуақтан дәмелі жұрт­ты бір тарының қауызы­на тық­қандай, аспанды ауыр бұлт тұм­шалап, қар ұшқындап кеткен. Халқымызға талай дана­ны берген қазақ даласының бір қалғып кеткен сәтінде білім дәнін сепкен, халқының көзін ашу жолында алысып өт­кен ұлы ағартушының кер­мек тағдырындай денені қари­ды. 

Бірақ оған қарамай Ыбы­рай­­дың жаңғыртылған деген­і бол­­маса, қайтадан салын­ған кесене-кешеніне ағылған жұрт­тың қарасы қалың. Бар қазақ­тың ұстазына қойылған ке­сене-кешен­нің ашылуы мұға­лім­дер күні­не сәйкес келген соң, жал­пы білім саласының сал­та­нат­ы болып жатқандай еді. Ке­се­не­нің алдындағы оң қап­тал­ға ағартушының білімнің ұра­­нын­дай «Бір құдайға сиы­нып, кел, балалар, оқылық!» өле­­ңін оқыған үлкен-кішінің бар­­лы­ғы да өзін сол мәт шә­кірт сезінді. Сол қапталға Қазақ­­стан Рес­пуб­ликасының Тұң­ғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы халық ағарту ісінің тұңғыш абызы – Ыбырай Алтынсарин. Ол дәуір әрбір түркі үшін ба­рып тұрған жарық жұлдыз­дар болып табылатын көрнекті ағартушылардың тұтас бір тобын тарих сахнасына шығар­ды. Олар халықтың сауатын ашып, сана-сезімін артты­ру­ды өздерінің негізгі мін­деті сана­ды» деген сөзі қазақ, орыс, ағыл­шын тіл­де­рін­де мәрмәр тасқа ойып жазы­лыпты. Ұлы ағар­ту­шының тарихи тұлғасын мү­сін­деген дуалы бір ауыз сөз осы.

Қайта жаңғыртылған кесе­не-кешеннің ашылу салта­на­тында облыс әкімі Архимед Мұхам­­бетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­малық мақаласындағы айтыл­ған мәселелерге орай облыс­­та жүзеге асқан игі істер­дің ара­сында Ыбырай Алтын­сарин­нің кесене-кешенінің жөн­деліп, уа­қыт талабына сай көрік­тенді­рі­луі ерекше орын алатын­дығын айтты. 

Кесененің жобасын жа­сап, оны тұрғызуда «Маң­ғыс­тау­ре­с­­таврация» маман­дан­ды­рыл­­­­ған ғылыми-өңдеу өнді­ріс­­­тік ше­бер­ханасы» жауап­кер­­­шілі­гі шек­теулі серік­тес­ті­гі­­нің ди­рек­торы Құралбай Оз­­ған­­баев­қа алғыс айтамын. Кесе­не де, жалпы кешен де уақыт­тың жаңа талаптарына толық сай келе­ді. Оны жасауға 81 мил­лион тең­ге, жол төсеуге 72 миллион тең­ге қаржы жұм­садық. Ұлы ұстаздың кесе­несіне жас ұр­пақ келіп тағзым етеді, ал ол хал­­­қы­ның болашағы­на, ру­ха­­ния­тына қызмет ете бере­­тін бо­лады,– деді Архимед Беге­жанұлы. 

Ұлы ұстаздың кесене-кеше­нінің ашылу салтанатынан ке­йін облыстық филармония­да «Ту­ған жер – Туған ел» білім беру жүйе­­сін дамытудың ба­сым­­дық­­­тары» атты ғылыми-прак­­ти­­ка­лық конференция өтті. Он­­да ұлы ұстаз негізін салған білім беру саласының бүгінгі жетіс­­­­­тіктері мен проблемалары ай­тыл­­­­ды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағ­дар: руха­ни жаңғыру» атты бағ­­дар­лама­лық мақаласында білім әр­бір қа­зақ­стандық үшін бола­шақ­тағы та­бысының негізі, сонд­ық­тан жас­тар үшін оның ма­ңы­зы алдыңғы орында еке­нін айт­­қан болатын.  

Конференцияда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов төл ме­ре­­кесіне орай үздік ұстаз­дар­ды «Ыбырай Алтын­сарин», «Қазақ­стан Респуб­лика­сы білім беру ісінің құр­метті қызметкері» төс­бел­гіле­рімен, Білім және ғылым министрлігінің грамота­сы­мен марапаттады. Өңір ұстаз­дарының шәкірт тәрбиелеумен қатар заманауи оқулық автор­лары екені де мақтаныш ету­ге тұрарлық. Қостанай жә­не Ли­саков қалаларынан 38 мұ­ғалім мектеп және мектепке де­йін­гі мекемелерге арнап 7 оқу-әдіс­­темелік құрал құрас­ты­рып шы­ғарған болатын. Өңір бас­шы­сы аталған топтың жетек­шісі Т.Калашниковаға 760 мың теңге арнайы сыйлық табыс етті. Сонымен қатар әлемнің 17 мем­лекетінің сахнасында өнер көр­сеткен  әйгілі «Карнавал» бала­лар хореографиялық мек­тебі­нің директоры, Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері Ш.Фахрут­диновке де құрмет көрсетілді. 

 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»

Қостанай