Әлем • 10 Қазан, 2017

Ресейдегі көлік апатында тағы бір қазақстандықтың болғаны анықталды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов РФ Владимир облысында көлік апатына ұшыраған Қазақстан азаматтарына қатысты жағдайды түсіндіріп берді.

Ресейдегі көлік апатында тағы бір қазақстандықтың болғаны анықталды

«Автобуста барлығы 3 қазақстандықтың болғаны анықталды. Олардың біреуі қаза болды. Аман қалғандардың арасында екіншісі жүргізуші, ал үшінші азамат жолаушылардан жолақы жинаумен айналысқан. Қазіргі кезде ол басқа бап бойынша ұсталды. Бүгін заңсыз көші-қон ісінде оның нақты мәртебесі белгілі болады»,-дейді Жайнақов.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық дипломаттар Владимир облысындағы жол-көлік оқиғасы аясында істі тергеушілермен тұрақты байланыста.

«Қазіргі уақытта Мәскеудің көліктегі тергеу комитеті сол апатта аман қалған жүргізушіні  қауіпсіздік ережесін бұзу тұрғысында 238 бап бойынша ұстағандығы мәлім болды. Ресейдегі Қазақстан Елшілігі аталған комитеттен ресми ақпарат алу үшін тисіті сауалды жолдады», деді ол.

«Ал ЖКО-да аман қалған Қазақстанның екінші азаматына тоқталатын болсақ, ол уақытша ұсталып, заңсыз көші-қон ісі бойынша куәгер ретінде қаралып отыр. Бүгін оның істегі мәртебесі жайында нақты айқындалады деп күтілуде»,-деп түсіндірді Жайнақов.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының Владимир облысында Қазақстаннан шыққан автобус жол апатына ұшырағаны туралы бұған дейін хабарлаған едік. Владимир облыстық ТЖМ-нің мәліметтеріне сүйенсек, апатқа ұшыраған автобуста 55 Өзбекстан азаматы және 2 жүргізушісі қазақстандық болған.  Жүргізушілердің біреуі апаттан мерт болды.