Әлем • 13 Қазан, 2017

Калифорнияда өрттен 30-дан астам адам қаза болды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртінен қаза болғандар саны 31 адамға жетті. Бұл туралы bbc.com хабарлады.

Калифорнияда өрттен 30-дан астам адам қаза болды

Өрт АҚШ-тың жүзім алқабын жайлаған. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер штатта табиғи апаттың 22 ірі ошағын анықтады. Мәліметтерге сәйкес шамамен 700 шаршы шақырым жер қызыл жалынға оранған. Жергілікті билік құтқарушылар тобы әлі бірқатар ауданға жете алмай отырғанын хабарлады.

Орман өртінен Напа, Сонома және Юба округтеріне төтенше жағдай режімі енгізілді. Жергілікті билік мұны Калифорния тарихындағы ең үлкен өрт деп санап отыр. Осының салдарынан 20 мың тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Сонымен қатар шамамен 1500 құрылысқа зияны тиді.

«Алапат өрт көптеген құрылысқа зиянын тигізді. Әлі мыңға жуық үй қызыл жалынға орануы мүмкін. Осыған байланысты мыңдаған тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілуі қажет», деді Калифорния штатының губернаторы Джерри Браун.

Бірер күн бұрын ондаған жұмысшы тікұшақпен эвакуацияланған. Напа жеріндегі жүзім алқабы әйгілі адамдарға тиесілі. Олардың қатарында актер әрі музыкант Дэйв Мэттьюс, кинорежиссер Фрэнсис Форд Коппол бар. Табиғи апаттың салдарынан көптеген шарап дайындайтын орындар жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды.

Өрттің өршуіне қатты жел, құрғақ ауа және аптап ыстық себеп болып отыр. Мәліметтерге сәйкес кей тұстарда желдің жылдамдығы сағатына 80 шақырымды құраған.