Әлем • 13 Қазан, 2017

Қырғыз Президентінің сайлауы: ҚР ОСК бақылаушы жіберуден бас тартты

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Қырғызстан Президентінің сайлауын бақылаудан бас тартты.

Қырғыз Президентінің сайлауы: ҚР ОСК бақылаушы жіберуден бас тартты

Бұл туралы 13 қазанда өткен жиын барысында хабарланды, деп мәлімдейді election.gov.kz.

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың жақын арада айтқан мәлімдемелеріне байланысты Орталық Сайлау комиссиясы 2017 жылғы 15 қазанда өтетін Қырғызстан Президентінің сайлауын бақылаудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Оның ұсынысы қолдау тапты.

Алайда, Халықаралық талаптарға сай Қазақстан өз тарапынан 46 бақылаушыны ТМД, ДИАҚБ/ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМЫҰ миссиялары, сондай-ақ ТМД, ЕҚЫҰ, түркітілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеяларының құрамында Қырғыз Республикасындағы президенттік сайлауға бақылау жүргізуге жіберетіні хабарланды.