Құндылықтарға кір келтірмейік

Бәріміз де мына өміріміз, тір­ші­лік етіп отырған ортамыз жақ­сы болса екен деп тілейміз. Со­ған­ сай қызмет етуге тырысамыз.­ Алай­да қоға­мымызда кейбір азамат­тары­мыздың абайсызда алаяқтарға арбалып, қылмыскерлер қолына тү­сіп қалатынын, сауда-саттықта, көлік, пәтер алған кезде, т.б. тұрмыс­тық жағдайларда, жұмыс барысында алданып, сан соғып жататынын естіп-білгенде әрі-сәрі күй кешесің...

Егемен Қазақстан
17.10.2017 323
2

Қашанда татулықты, сыйластықты, достықты, бейбіт өмірді жанымен­ қалайтын халқымыз бір-біріне жақсы­лықты ғана тілейтіні рас. Өйткені осы­ құндылықтар арқылы адамдар то­лық­­қанды өмір сүре алады. Ал бұл құн­дылықтар басында бірлік тұр. «Бірлік бар жерде  тірлік бар» деген қанатты сөз текке айтылмаған. Елдің болашағы бірлікте екендігін ата-бабамыз баяғыда-ақ нақтылап айтып кеткен. Оны олар ел дамуының діңгегі ретінде ұстана білді. Бұл бағыт Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін де жалғасын тауып, бүгінде елімізде 100-ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Сол этностар өкілдері қазақтың қанына сіңген қасиетті салт-дәстүрі мен озық құндылықтарына құрметпен қарайды. Осы асыл қасиеттеріміз бен құнды құндылықтарымыз арқылы қазақ­тың кең даласына қоныс тепкеннің жүре­гін жібітіп, тілегін бір етіп, мақсат-мүд­десін ортақ, достығын берік ете білдік. Қазақтың осы бірлігі мен өзгеге деген құрметі таусылмаса екен дейміз. Өйткені бізді үлгі тұтатындар, бізден өнеге алатындар көп.

Алайда «бес саусақ бірдей емес» дегендей, кейде «бір қарын майды бір құмалақтың шірітетіндігі» де рас. Өз ағайынын алдап жатқан адамның өзгені аяры бар ма? Сондайда қазақ деген қасиетті атымызға сын келмесіне кім кепіл?

Бірде бір сыйлы адамның дастар­қаны басында жора-жолдастарымен бірге болдық. Дастарқанға ет келді. Іле ет туралы әңгіме қозғалды. Кенет бір жігіт қыза-қыза келе өзгелерді қалай оңдырмай алдағанын айтып, көсіле жөнелді.

«Қыс кезінде ауылдардан көтерем қойларды су тегін бағаға сатып алып, вокзал маңайындағы үйіме әкелемін. Сосын әлгі көтерем қойды бауыздап, терісін сыпырған соң, ішін толтыра су жіберемін. Терісі сыпырылған көтерем қой ұшасы доп-домалақ болып шыға келеді. Оны сол күйінде қар үстіне тастай саламын. Қатып қалады. Семіз қой ұшасындай қызарып, көз тартады. Сосын осындай айламен сойылған қой ұшаларының бірнешеуін қол арбаға салып, темір жол вокзалына барам. Кезекті жолаушылар пойызы тоқтағанда перронға шыққан жолаушылар алдына тосамын. Әрине, қой етіне көбіне қызығатын өз ағайындарымыз. Өзге жұрт ала қоймайды. «Қып-қызыл боп бөртіп» сойылған қой ұшасын көрген ағайындарымыздың көзі жайнап қоя береді. Әрі дөңгеленген дәу, әрі арзан. Неге алмасқа? Саудаласады. Мен «Обал ғой, жалғыз қой еді, бар­ жем-шөпті беріп семіртіп едім» деп қиналғандай күй танытамын. Бұл әртістік әрекетімнен кейін алушы адам одан әрі сөзіме сене түседі. Араларында бұл қулық әрекетімнің сырын сезетіндері бар шығар, бірақ ондайлардың мені айналып өтетінін жақсы білемін. Сондықтан қорықпай, қысылмай әрекет етемін. Біреу болмаса, әйтеуір, біреу алады. Күніне бес-алты сойылған қой ұшасын өткізсем, үлкен пайда. Содан алушы арзан сойылған қой ұшасын алдым деп мәз болса, мен оларды алдаған айлама риза болып әрі мол ақша тапқаныма мәз болып үйіме қайтамын» дейді.

Мұны да біреу кәсіп дейтін шығар. Бірақ бұл біздің болмысымызға жат іс, дамуымызды тежейтін теріс қылық қой. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздегі барлық адам: «ұлттық бірегейлігін нығайтып, ұлтының дамуын тежейтін барлық нәрселерден бас тартатын адам» болуы керектігі туралы айтты. Ал осындай сауда барысында ға­на емес, талай істе мүмкіндік туса бі­рін-бірі алдап жатқан ағайын қан­ша­ма! Және бірін-бірі алдайтын да, алданып жатқандар да қарапайым адамдар. Мұндай алаяқтық, сыбайлас жемқорлық секілді жат істерден кейін ел иесі – қазақтың мемлекет құраушы ретіндегі айрықша рөлі қалайша көрініс таппақ? Осындайдан теріс пікір қалыптасады. Бұл кімге өнеге, үлгі болмақ? Елбасы айтқандай: «Біз өз балаларымыз бeн нeмeрeлeрімізді бoлашақта қандай күйдe көргіміз кeлeді? Oлар жақсы әрі азат қoғамда өмір сүрe мe? Oлар бeйбіт-татулықта өмір сүрe мe? Oлар өз қауіпсіздігі мeн балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бoла алар ма, көшeлeрмeн eмін-eркін жүріп, өз дүниe-мүлкі үшін қауіптeнбeс бoлар ма?»  Расында, біз oсынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзіндe жауап бeре аламыз ба?

Александр ТАСБОЛАТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу