Әлем • 17 Қазан, 2017

Нұрлан Ермекбаев Мәскеу Патриархы Кириллмен кездесті

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Бүкіл ресей және Мәскеу Патриархы Кириллмен кездесті. 

Нұрлан Ермекбаев Мәскеу Патриархы Кириллмен кездесті

Кездесу барысында Нұр­лан Ермекбаев Бүкіл ресей және Мәскеу патриархын Қазақ­стан Республикасы мен Ресей халықтарының арасындағы бей­біт­шілік, достық пен ын­ты­мақ­­тастықты нығайту жо­лын­дағы еңбегі үшін Қазақ­стан Республикасының Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев табыстаған бірінші дәрежелі «Достық ордені» мемлекеттік наградасына ие болуымен құттықтады.

«Бүгінгі күні барлық кон­фес­сиялардың өзара түсініс­тік пен ашық диалог негізіндегі ынты­мақтастығы біздің бас­ты жетістіктеріміздің бірі бо­лып табылады және мұны Қа­зақ­станның айтулы табы­сы деп айтуға болады. Әрине, осындай қарым-қаты­нас­тарды орнату оңайға түспеді, кон­фессияаралық тиімді диа­логқа қол жеткізу­де екі же­текші дін – Ислам ханафи маз­хабы және православие ерек­­ше рөл атқарады», деп өз көз­қарасын білдірді Н.Ермекбаев.

Министр Қазақстан Рес­пуб­ликасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі барлық діни бірлестіктермен конструктивті диалог орнат­қанын және оның ішінде Орыс православие шіркеуіне және оның жұмысына, қолдау танытатынын атап өтті.

«Біз заңнаманы жетілдіру, азаматтық қоғамды дамыту, діни бірлестіктермен ты­ғыз қарым-қатынас орнату арқылы мемлекеттік саясатты жүзеге асырамыз», деді министр.

Нұрлан Ермекбаев қазір­гі заманауи талаптарға сәй­кес конфессияаралық және діна­ралық диалогтың дамуы, адам мен қоғамның дәстүр­лі моральдық-адамгершілік құн­­­ды­лықтарының сақ­талуы, мемлекеттік саясат қағи­да­ларын құрметтеу тұрғы­сын­да атқарып отырған Орыс православие Шіркеуінің жұ­мысын жоғары бағалады. Сон­дай-ақ министр Орыс пра­вославие шіркеуінің өкіл­деріне Астанада өткен дін­аралық форумдардың жұ­мы­сына үнемі қолдау көрсетіп, белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

«Егемен-ақпарат»