Әлем • 19 Қазан, 2017

Ксения Собчак 2018 жылғы президенттік сайлауға қатысатынын айтты

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тележурналист Ксения Собчак 2018 жылы өтетін Ресей Федерациясының президенті сайлауына қатысатынын жариялады. 18 қазандағы хаты «Ведомости» газетінің бетінде шықты.

Ксения Собчак 2018 жылғы президенттік сайлауға қатысатынын айтты

«Барлық қиындықтар мен тәуекелдерді сараптай келе, менің призденттік сайлауға қатысу туралы шешімім елімізге қажет өзгерістер әкеледі деген ойдамын», - деп мәлімдеді Собчак жазған хатында.

Президенттікке үміткердің айтуынша, ол сайлауға «бәріне қарсы кандидат» ретінде қатысады.

«Сіз көптеген жылдар бойы тізімде тек Зюганов, Явлинский, Путин және олардың орынбасарлары болғанына қарсысыз ба? Белсенді позицияңызды көрсеткіңіз келіп, алайда таңдаған кандидатыңыз тізімге кірмей қалды ма? Немесе үміткерлердің ішінен ешкімді ұнатпадыңыз ба? Олай болса, Собчакты таңдаңыз. Сіз оны президентікке сайламайсыз. Сіз «Бәрі де жетер! Шаршадым!» деп айтуға заңды және бейбіт мүмкіндік аласыз», деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Ксения Собчак жақын арада жеке штабының ашылатындығын мәлімдеп, демократиялық топтардан көмек сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Президентінің сайлауы 2018 жылғы 18 наурызда өту керек. РФ Конституциясына сәйкес Президент 6 жылға сайланады.