Аймақтар • 20 Қазан, 2017

Петропавл № 2 жылу-электр орталығында екі жүз мың тоннаға жуық көмір қоры жинақталған

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз бұған дейін қысқы жылыту маусымына тастүйін дайындық жасаудың орнына өз міндеттеріне салғырт қараған басшылардың жауапкершілікке тартылғаны туралы жазған едік («Жалған ақпар жарға жықты», ЕҚ, №197. 13 қазан). Енді оның «жырына» қатты отын тапшылығы қосылып, Солтүстік Қазақстан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айдархан Мусиннің тұрғындар алдында есеп беруіне тура келді.

Петропавл № 2 жылу-электр орталығында екі жүз мың тоннаға жуық көмір қоры жинақталған

Оның айтуынша, Петропавл № 2 жылу-электр орталығында екі жүз мың тоннаға жуық көмір қоры жинақталған. Әлеуметтік және бюджеттік мекемелер жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен «Шұбаркөл көмір» АҚ арасындағы келісімшарт аясында тәулігіне 700 тонна көмір жеткізу белгіленген. Тасы­малмен «Отын LTD» ЖШС, «Турдыоглы» жеке кәсіпкерлігі де айналысады.

Алайда А.Мусин жағдай қалыпты, көмір тапшылығы болмайды деп қанша сендіруге тырысқанымен, жұртшылық көңілі әлі де алаң. Сатылымға шығарылған 27 мың тонна қатты отынның сапасы сын көтермейді. Әсіресе Қа­ра­­жыра кенінен әкелінген кө­мір­ге шағым айтушылар көп. Қыстан қысылмай шығу үшін 400 мың тоннадан астам кө­мір қажет болса, жоспар 65 пайыз­ға ғана орындалған. Вагон­дар жетіспеушілігі де анық бай­қалады.

Қазір сапасына қарай көмір бағасы 7000-16000 теңге ара­лығында құбылып тұр. Қалтасы көтере бермейтіндер амалсыз қолға тигеніне риза.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы