Футбол • 23 Қазан, 2017

Футболдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен кездесуі мүмкін

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан құрамасы биыл қарашада Аргентина футболшыларымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының спорт директоры Игорь Утробин мәлімдеді.

Футболдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен кездесуі мүмкін

«Қазір аргентиналықтармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Әрине, бұл оңай емес. Біраз күшті талап етеді. 14 қарашаға дейін де аз уақыт қалды. Қазіргі уақытта қаржыландыру мәселесін шешу қажет. Жалпы соманың 40 пайызын Қазақстан футбол федерациясы өз мойнына алады, ал қалған 60 пайызды толтыру үшін потенциалды демеушілерді тарту көзделіп отыр. 

Лионель Месси, Серхио Агуэро, Анхель Ди Мария, Хавьер Маскерано, Пауло Дибала секілді өзге де жұлдыздар бастаған құраманың елімізге келуі Қазақстан футбол тарихындағы маңызды оқиға болары сөзсіз. Аргентина негізгі құрамды алып келуге дайын. Қаржы мәселесі шешілсе бұл кездесу өтеді», - деді Утробин. 

Айта кетейік, 11 қарашада Аргентина құрамасы Мәскеуде Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. 

Бірер ай бұрын Хорхе Сампаолидің шәкірттері Ресейде 2018 жылы 14 маусым 15 шілде аралығында өтетін әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алған еді.

Соңғы жаңалықтар