Әдебиет • 01 Қараша, 2017

«Паш» – мағынасы ауысқан бұл сөзден қаш!

3596 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Паш» сөзі қазақ тілді жалпақ қауымның арасында көктемде тиген жұқпалы тұмаудай тез таралып, сөйлейтін, жазатын қазақ атау­лыны түгел шырмап алған адасқан сөзге ай­нал­ғалы отыз-қырық жылдай болып қапты. 

«Паш» – мағынасы ауысқан бұл сөзден қаш!

«Паш» парсы тілінен ауысқан кірме сөз екендігін тіл мамандары жақсы біледі. Ке­ңес билігіне дейінгі қазақ қаламгерлері бұл сөзді «әшкере, әшкерелеу» ма­ғынасында қол­данып келген болатын. Мысал ретінде алар болсақ, Жаяу Мұса атанып кеткен жігерлі ақынның Шор­­манның Мұстапасы зорлықпен жалғыз атын тартып алып, итжеккенге айдатып жіберген зорлығы мен қорлы­ғына ызаланып, елге орал­ғанда Шорманның Мұс­тапасына арна­ған өлеңінде:

«Қылығын Мұстапаның паш етемін» дегендегі сөздің ма­ғынасы әшкерелеймін деген парсы сөзінің мағынасын дәл беріп тұр. Ал бұл паш сөзін енді келіп, мағынасын мүлде алмастырып «мадақтау, ұлықтау» деген сөзге неге ай­нал­дырып жібердік? Осы тәрізді «абыз» сөзінің тарихи термин екен­дігіне мән бермей ол сөзді де сан құбылтып, былықтырып жатқан жағ­дайымыз бар. «Абыз» сөзі жұрт­­шылықты өнерімен тәнті етіп мойындатқан идеологтарға ғана айтылатын термин сөз. Бұл сөз әйелдерге байланысты еш­­қашанда айтылмайды. Бұл талапқа қарап жатқан біз жоқ. Кейбір ақын әйелдерді де абыз ақын деп айтып жатамыз.

Мақсат – ата-бабадан қалған асыл сөз­дердің мағынасын бұз­бай, сөз табиғатын өз қал­пында қолданып дамытуда жатыр. Өйт­кені әлемдегі ең бай қордалы тіл – қазақ тілі. Өйткені біздің тілдің сөздік қорында 2 400 000 сөз болса, бір жарым миллиард қытай хал­қының сөздік қоры 400 мың­дай-ақ, ағыл­шын, орыс­тардың сөздік қоры бұдан да төмен­дей береді.

 

Мекемтас Мырзахметұлы,
профессор