Тарих • 02 Қараша, 2017

Даңқты партизанмен кездесу

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мына суретте қазақтың батыр ұлының бірі, қаһарман партизан, майдангер жазушы Қасым Қайсенов бейнеленген.

Даңқты партизанмен кездесу

– 1963 жыл еді, – деп еске алады Амангелді ағамыз. – Мен онда Алматы қала­сын­­дағы атақты №12 мектепте он бірінші сыныпта оқитынмын. Ұмытпасам, даңқты партизанның кезекті кітабы жарық көрді. Соған байла­нысты мектебімізде ол кісі­мен керемет кездесу болып, Қасым аға Украина жеріндегі жо­рық жолдары жайлы, қазақ жау­ынгерлерінің ерлігі туралы әсерлі әңгіме айтты. Мұнан кейін ке­ңестік кездегі дәстүр бойын­ша пионер қатарына қабыл­данды. Бұл сурет сол сәтте түсірілген. Сол жақта отырған кісіні ұмытыппын, әйтеуір, не «Жұлдыз» журналынан, не «Қазақ әдебиеті» газетінен, Қасым ағамен бірге келген. Ал оң жақтағы біздің сынып же­тек­шіміз Сәуле Қабдолова. Мек­тептің белсендісі ретінде құт­тықтап, түрегеп тұрған мен. Бү­гінде бұл сурет үйімде өте қымбат қазынамдай сақтаулы.

75 жастағы Амангелді аға Толынбеков кезінде Қыр­ғыз­стан­дағы Ош педаго­ги­калық инс­титутының филология факуль­те­тін бітірген. Қазір Жамбыл ауыл­дық округі ардагерлер ке­ңесінің төрағасы. Қашан көр­сең де ана жұмыс, мына жұ­мыс деп тыным таппай жүгіріп жүргені. Қимылы ширақ, жүрісі тез. Өйткені сонау КСРО-ның кезінде-ақ, еркін күрестен спорт шебері атанған...

Берікбай ҚАДЫҚОВ,
журналист

Алматы облысы, 
Қарасай ауданы