Ауыр атлетика • 10 Қараша, 2017

Астанада допингке қарсы халықаралық конференция өтеді

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық  ауыр атлетика федерациясының(IWF)  бастамасымен және Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының көмегімен 13-қараша күні Астанада IWF Халықаралық допингке қарсы конференциясы өткізеді. 

Астанада допингке қарсы халықаралық конференция өтеді

Аталмыш шараға IWF Президенті Тамаш Аян, IWF Бас хатшысы Мохаммед Джалуд,  IWF допингіге қарсы комиссиясының хатшысы Патрик Шамаш және  IWF сарапшылар ортасының өкілдері қатысады деп күтілуде. Халықаралық жарыстардан шеттетілген 9 федерация(Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қытай, Молдавия, Ресей, Түркия және Украина) өкілдеріне конференцияға қатысу міндеттеліп отыр.

Шара шартты түрде екі бөлімнен тұрады. Конференцияның алғашқы сессиянда (сағ. 10.00-13.00)  шеттетілудің заңдық кезеңі мен оның мерзімінен бұрын тоқтатылуына арналады және бұл жабық түрде өтеді. Конференцияның екінші сессиясы (сағ. 15.00-16.30) білімдік сипатта өтпек және ҚР ҰОК өкілдеріне, ұлттық федерациялар мен сарапшы мамандарға және журналистерге ашық болады.