Күрес • 11 Қараша, 2017

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан Чемпионаты басталды

380 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

10 қараша күні Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды. «Жекпе-жек» спорт сарайында өтіп жатқан айтулы додаға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 400-ден астам дзюдошылар қатысып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан Чемпионаты басталды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев белдесулерді чемпионатты тамашалап, ел чемпионатының бірінші күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, бүгінгі чемпионаттың салтанатты ашылуымен құттықтады.

Қазақстан Республикасының Чемпионатының ашылу салтанатында  Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Серік Сейітұлы Қасқабасов Дзюдо федерациясы атынан Ақтөбе облысына татами сыйға тартты.

Назарларыңызға Қазақстан Чемпионатының алғашқы күнгі жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұсынамыз:

Ерлер:

60 кг

1. Жеңісбек Жақсыбек (Қызылорда облысы)

2. Ғұсман Қырғызбаев (Алматы қаласы)

3. Рустам Ибраев (Ақтөбе облысы)

3. Ержан Еренғайып (Қарағанды облысы)

66 кг

1. Ерлан Серікжанов (ШҚО)

2. Бауыржан Сағынғалиұлы (Маңғыстау облысы)

3. Төлеген Нұрғалиев (ШҚО)

3. Ерлан Жақсыбеков (Қызылорда облысы)

Әйелдер:

48 кг

1. Галбадрах Отгонцэцэг (ОҚО)

2. Ақмарал Науатбек (Астана қаласы)

3. Әйгерім Төреғожина (Қарағанды облысы)

3.Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)

52 кг

1. Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы)

2. Жадыра Әміртаева (Жамбыл облысы)

3. Назгүл Елмұратова (ШҚО)

  1. Нұржамал Жарманова (Ақтөбе облысы)

Осы жылдың ең маңызды әрі қорытынды жарысында жеңімпаз атанған дзюдошылар ұлттық құрама сапында 2018 жылы ел намысын қорғайтын болады, сондай-ақ, Азия мен Әлем Чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік алады.

Есетеріңізге сала кетсек, "Жекпе-жек" спорт сарайында өтіп жатқан дзюдодан ерлер мен әйелдер  арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты 14-қарашаға дейін жалғасады.