Мақта тойы Мақтааралға қайта оралды

Ақ мақта – Оңтүстіктің мақтанышы. Оны ел ауызында әспеттеп «ақ алтын» деп те атайды. Ақ алтын десе дегендей бар, бабын тапсаң, бағасы келіссе ауыздан ақ май ағызатын-ақ дақыл. Мақта – елімізде негізінен Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өседі. Оның ішінде ел ауызында Мырзашөл атанған Мақтаарал ауданы диқандарының дені мақтаға маманданған. Сонау жылдары бұл ауданның байлығы мақтамен есептелетін. 

Егемен Қазақстан
13.11.2017 66014
2

Күзгі жиын-терімде барсаң, мақта артқан ұбақ-шұбақ тіркеме тіркеген трактор, жүзі жарқын, миығына қуаныштың күлкісі ілін­ген, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ диқан­дарды көрер едің, мақ­та ал­қабы жоқ жұрт та көңілді көрінетін.

Сол жылдары Мақтаарал ауылдарында аппақ кіреукелі шатыры бар жаңа үйлер көбейіп қалатын. Сол жылдары жаз бойы атыз жағалап, ерні тілім-тілім бо­лып жүретін бозбалалардың дені күзде бетіне май жаққандай жылтырап шығып, үйіне келін әкеліп, ауылды қуантып жататын. Байлықты жаңа салынған үй саны мен түскен келінге жасаған тоймен есептейтін еді бұл жақтың кісілері.

Кейін мақта базары біразға дейін тарқады. Ақ алтынның бағасын белгілейтін Ливерпуль биржасының қабағы қатайып, түсін бермей кіржиді де тұрды. Жаз бойы су жеткізе алмай ала­сұрып, күзде мақтасының бағасы жерге ұрылған соң көп диқан кетпенін лақтырып қалаға көшіп кетті. Әкімдер жағы «мақтадан пайда жоқ, көкөніске өтіңдер» деп үгіттей бастаған.

Биыл мақта тойы Мақтааралға қайта оралды. Ақ алтын бағасы тоннасына 165 мың теңгеден қабылдана бастады. Атап айтсақ, биыл облыста 134,6 мың гектар жерге мақта шиті себілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға артық. 2016 жылы шаруалар әр гектардан орта есеппен 26,2 центнерден өнім алып, барлығы 286,4 мың тонна ақ ұлпа жинаған. Егістік көлемінің артуына байланысты өңірде 300 мың тоннадан астам мақта жиналады деп жоспарланып отыр.

Еліміздегі ақ алтынның отаны саналатын Мақтаарал ауданында өткен жылы 83 мың гектарға мақта шиті себілсе, биыл мақта алқабы 95 мың гектарға жеткен. Аудан шаруалары өткен жылы 218 мың тонна өнім жинаса, биыл да мол өнім алуды көздеп отыр.

Облыс бойынша мақта дақы­лы 9 ауданда егіледі. Қазір бәсеке заманы, ғылымның заманы. Күзде жердің сорын шайып, көктемде шитті мақтаны жерге сіңіргенмен шаруа бітпейді. Жақсы тұқым керек. Облыс басшысы Мақтааралға барғанда осы мәселені тағы көтерді.

«Оңтүстік Қазақстан облысы­ның бренді саналатын мақта да­қылы бәсекеге қабілетті болуы қажет. Сондықтан ақ ұлпаның жаңа сорттарын шығарып, оны өн­діріске ендіруіміз керек. Бұл тұста «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтының қосар еңбегі орасан», – деді облыс әкімі Ж.Түймебаев Мақтаарал ауданындағы ғылыми-зерттеу инс­титутында болған жүздесуде.

«Ауыл шаруашылығы дақыл­дарының басқа түрлері өзге өңір­лердің барлығында өсіріледі. Мәселен, республикалық көрсет­кіште Оңтүстіктің көкөніс өндіру­ден алар үлесі – 25 пайызды, жүзімнен – 70, жемістен 37 пайызды құрайды. Ал мақта дақылы 100 пайыз тек қана осы өңірде өсіріледі. Сондықтан, елiмiздегi үлкен табыс әкелетiн жүз жыл­дық тарихы бар мақта дақылы­ның сапалы сорттарын дамы­тып, инновациялық технология­лар­ды өндіріске ендіру арқылы ақ алтынды өндірудің тиімділігін арттыруымыз керек. Осы саладағы мәселелердi бiрлесiп жүйеге түсiрсек қана мол өнiмге қол жет­кiземiз», деді облыс әкімі.

Атакент кентіндегі ғылыми-зерттеу институтында бүгінде дүниежүзілік мақтаның 10-нан астам түрі зерттеледі. Ондағы ғалымдар ақ ұлпаның 12 орта талшықты, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді, өнімділігі жоғары сорттарын шығарды. Сондай-ақ өндіріске отандық бес мақта сортын енгізді. Институт ғалымдары әзірлеген мақта қозасын баптаудың қарқын­ды технологиясы 58,3 мың гектар мақталық егіске, топырақты 55-60 см терең қопсыту технологиясы 57 мың гектар жерге ендірілген.

Айта кетейік, мақтадан тал­шық, тұқым, талшықтан мата немесе жіп, сабын мен мақта майы сынды 1200-ден аса әр­түрлі заттар алынады. Жаңа технология тәтті жемісін жегізеді. Бұл ретте Мақтаарал мақта тазалау зауыты мақта талшығын дайындауда жақсы табыстарға жетіп келеді. Бұл межеге жету үшін кәсіпорынға АҚШ-тың «Люмус Корпорейшн» компаниясынан алынған қондырғы көмектесіп отыр. Өңірдегі мақта зауыттарымен салыстырғанда бұл өндірістің еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары. Атап айтқанда, талшықтың шығуы 30 пайызға мол әрі сапасы жоғары. Электр қуатының шығыны 25-30 пайызға үнемделеді және мақтаны өңдеу мерзімі 30 пайызға қысқарған. Жобада пайдаланылған иннова­циялық технологиялардың ТМД елдерінде теңдесі жоқ. 

– Зауытымыздағы инвести­ция­лық жоба 2013 жылы өңірлік үйлестіру кеңесінде мақұлда­нып, индустрияландыру карта­сы енгізілген болатын. Сөйтіп атал­мыш жобаны 2014 жылы іске қос­тық. Зауыттың жалпы құны 1 мил­лиард теңгені құрайды. Мұнда 120 адам мерзімді жұмыс орнымен қамтылған, – дейді зауыттың бас инженері Асылбек Жамалов. 

2014 жылы үдемелі индуст­риялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорын биылдың өзінде 60 мың тонна мақта талшығын әзірлеуді жос­парлап отыр. Мұнда тәулігіне 40 тонна мақта талшығы өндіріледі. Дайын өнім Шымкенттегі мақта тоқыма зауытына жөнелтіледі. Зауыт қажеттілігінен артылған талшықтар Чехия мен Үндістанға экспортқа шығарылады.

Ақ алтын осылайша Оңтүс­тіктің берекесін кіргізіп жатыр. Мақтааралға барсаң жол жиегінде тіркемеден ұшқан үйме-жүйме мақтаны көресің. Өңірдің көңілі тоқтығын байқайсың. Ақ мақта алтын күздің байлығын осында қол­тықтап әкелгендей көрінеді көзге. 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.10.2018

Станимир Стоилов: Бір ойынды жеңдік деп желпінбейміз

16.10.2018

Кольдо Альварес: Қазақстан бізден бір бас жоғары екен

16.10.2018

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

16.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді

16.10.2018

Қарағандылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

16.10.2018

С.Стоилов: Қазақстанда ұлттық құрамаға лайық шабуылшы жоқ (видео)

16.10.2018

Маңызды қадамдар атап көрсетілді

16.10.2018

Семейде «Екі жұлдыз» байқауы өтті

16.10.2018

Тарбағатайда 4 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылады

16.10.2018

Әскери борышын өтеген сарбаздар туған жерлеріне оралуда

16.10.2018

Қазақстан және Литва жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

16.10.2018

Cенаторлар университеттегі цифрлық хабты аралады

16.10.2018

Қайрат Әбдірахманов дипломатиялық қызмет жүйесін жетілдіру туралы айтты

16.10.2018

Туризм саласының маманы жоқ

16.10.2018

Сенаторлар Ақ Жайық өңіріне келді

16.10.2018

Қаңтар–қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі 4,1% жетті — ҰЭМ

16.10.2018

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,8%-ға ұлғайды — ҚР ИДМ

16.10.2018

Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау: 444 нысан сатылды

16.10.2018

Қармақшы - елдік пен ерлік мекені

16.10.2018

Маңғыстауда теміржол вокзалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу