Көзкөрген

Осы күндері жұрттың арасында «Көз­көргендер, өзгермеңдер» деген тіркес айтылып жүр. Сөзі жеңілдеу ес­тілгенмен, астарындағы бояуы бес батпан. Бүгінгідей қиыр-шиыры сан түрлі уақыттың күнгейі мен кө­леңкесі арбасып тұрғанда, ойлантпай қоймайды.

Егемен Қазақстан
15.11.2017 128
2

Осындай заманда әркім өзін түзеп, өз сөзін асырып, «менікі жөн, өйткені салмағым бар, сен менің қасымда кімсің?» деп тұрған тұста, арамызда жоқ ұлт жақ­сыларын кейде естен шығарып алатынымыз бар. Ал сол ұлт жақсыларының сар­қытындай санаулылардың сөзін кейде ұқсақ, кейде ұқпай, біз жаңа дәуірдің ада­мымыз дейтін де жай кездесіп қалады. Егер әлгі ұлт ұлыларының көзін көрген, сөзін естіген ізбасарларының естеліктерін жетік техниканың көмегімен жазып алып, кейінгі ұрпаққа көрсетіп отырсақ, алыптар бейнесі ашылып, қыр-сырына кейінгі ұрпақ қанығар еді. Ертеңгі жазылар тарихтың бұрмалауы жоқ бүтін болып қалыптасуына да бұл септігін тигізер еді.

Мұндай ойға себеп болған не нәрсе дегенге келер болсақ, жақында елордадағы Назарбаев Университетінде ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 120 жылдығына арналған естелік-сұхбат болған еді. Жиналған оқы­тушылар мен студенттердің алдында қаламгермен дидарласқан, шәкірті болған Мырзатай Жолдасбеков, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы, Мұқаңның сөзі мен көзіндей болып ортамызда жүрген Мұрат Әуезов әдемі естеліктер айтты. 

Мырзатай Жолдасбеков ұлт ұстазы­ның ұлы қасиеттерін, әсіресе кішілігін, ұшан-теңіз білімін, ғылымдағы ілімін, алты жасында Мұқаңның Абайды көр­гені туралы өз әңгімесін сыр ғып шерткенде жиналған қауым айрандай ұйып отырды. Мұрат Әуезов ардақты әкенің ұрпаққа жасаған қамқорлығын, оның жиырма жасында «Япония» деген ма­қала жазып, онда «Сыртымыз басқа жұрт­пен тату, сыпайы болсын, іштей тарахиат (өнер-білім) аса бағалы болып, еркін өссін», деген ұлағаты қазаққа қазір де ауадай қажет екенін жеткізді. Тектінің тұқымы тағы бір мәселеге көңіл бөлді. Кейбір жүздесулерде «Абай мен Мұхтарды оқыдыңдар ма?» деп сауал қойғанда шошайған бір саусақтың көзге түспейтініне өкініш білдіріп, ұлысын оқымаған ұлт ұрпағы елінің көсегесін көгерте ме деген сұрақты алға тартты. Мекемтас Мырзахметұлы Абай мен Мұхтар ілімін тарата айтты.
Сол сәтте біз Абайды көрген Мұхтар қан­дай бақытты деп бір ойға қалдық та, одан кейін Мұхтарды көрген, үлгісін үйренген ортамыздағы азаматтарға да қызыға қарағанымыз анық. 

Иә, Абайды көрген бала Мұхтардың заманында техника жоқ еді. Тіпті суретке түсіретін фотоаппарт та кемшін болатын. Мұхтар Әуезовтің дәуірінде бейнетехника аз болса да бар еді. Күнде ертеңмен жүріп жазушының тіршілігіндегі тұлғасын толық түсіріп ала алмадық. Үзік-үзік қимыл-қарекет, ұшқын-ұшқын сөз бар. Осы арада мына бір сергектікті айта кеткеніміз ләзім. Белгілі азамат, теледидар қайраткері Сұлтан Оразалы әдебиет пен мәдениеттің Мұхтардан кейінгі біраз алыптарын, кешегі Әбіш Кекілбайұлын тастай етіп таспаға түсірді. Көріп отырсаң айызың қанады. Сөзін естіп, таза тіл тағылымына ден қоясың. 

Бұл арадағы айтпағымыз, бүгінгі ұлт жақсылары ортамызда жүргенде әдебиет пен мәдениетте, ғылымда өзіндік орны бар, халқымыздың ардақты азаматтары туралы деректі-естелік дүниелер түсіріп, олар туралы қолда бар көріністермен ұштастырсақ деген ниет еді. Алда айтқан кездесуде Мұхтар Әуезовті көрген төрт адам болса, енді он жылдан кейін, отыз жылдан кейін естелік айтар бірлі-жарым адам табыла қояр ма екен? Сол кезде әттеген-ай деп қалмас үшін осындай естелік-сұхбаттарды, дидарласуларды таспалап, тіпті жеке өздерін сөйлетіп алсақ бұл кейінгі ұрпаққа сабақ, әрі үлгі болары хақ. 

Мұндай жақсы істің бір әдемі тағы­лымды үлгісі болды. Оны «Бүгінгідей ки­но, бейнетехниканың жоқтығынан әрі құнт­сыздығымыздың кесірінен кезінде Мұхтар Әуезов секілді ұлыларымыздың небір асыл сөздері жазылып алынбай қалды. Сол кемшіліктің орнын толтырайын, еліміздің көзі тірі қайраткерлерін сөйлетейін, естеліктерін, толғаныстарын жазып алып, кейінгіге сақтайын деген мақсатпен Еуразия университетінде телестудия ашқан едім. Сол студияда әдебиетіміздің классигі Әбдіжәміл Нүрпейісовті ғана жазып алыппын. Мен университеттен кеткен соң, әттең пайдалы іс жалғаспай қалды», деп Мырзатай аға Жолдасбеков өзі айтқандай, осы үр­діс­ті қайта жаңғыртсақ, қазақ хал­қының ұлылары Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Бейсембай Кенжебаев, Күләш Байсейітова, Әбілхан Қастеев, Бауыржан Мо­мышұлы тағы басқа тұғыры мықты тұңғыштарымызды, басқа жақсы-жай­саңдарымызды көрген санаулы саң­лақтарды сөйлетіп, алыптардың халықтық қасиетін кейінгіге жеткізсек, қане. 

Егер осы игілікті істі дәл қазір атқара алмасақ, кейін алда айтқан ұлылардың көзін көргендерден де көз жазып қал­ған соң, әй салғырттық-ай, демеске шара қайсы? Барын бағалаған жұрт өт­кенін жаңғыртып қана қоймайды, ұлт тарихының діңгегі саналатын қай­раткерлерін қадір тұтып, ақиқат тарих бетіне шығарады. Арғы ғасырдағы қа­зақ­тың ақын-жырауларын батыр-бағыландарын, сөз ұстаған көсемдерін кейінгі ұрпағы кітаптан білсе, алда жылдар жылжып, ғасырлар алмасқан тұстағы жас алдыңғы алыптарды бейнетаспа мен үнтаспадан ұғып, танып, білетін болады.

Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.10.2018

Брексит: келісімге қол жетпеді

15.10.2018

Геннадий Шиповских: Мұғалім мәртебесін асқақтату еліміз үшін аса маңызды (ВИДЕО)

15.10.2018

Сенаторлар Атырау қалалық Бизнес және құқық колледжінде кездесу өткізді

15.10.2018

Станимир Стоилов: Әлеуетін толық көрсете алмай жүрген футболшылар бар

15.10.2018

Павлодарда құрылысы ұзаққа созылған 25 нысан анықталды

15.10.2018

Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

15.10.2018

Қыздар университеті «Туған жерге тағзым» жобасын жүзеге асыруға кірісті

15.10.2018

«Ұстаз мәртебесі туралы» заңды әзірлеуге салалық кәсіподақ белсенді түрде атсалысады

15.10.2018

Өзбекстанда импорт өсіп, экспорт көрсеткіші төмендеді

15.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

15.10.2018

Мұратхан Шүкеев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

15.10.2018

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

15.10.2018

Ұшқындағы үшем

15.10.2018

Армения әскері Таулы Қарабаққа қатысты атысты тоқтату режимін бұзды

15.10.2018

Жан тебіренісінен туған картиналар

15.10.2018

Ел анасы жайлы еңбек

15.10.2018

Боксшы Сабыржан Бекбергенов Минскіде топ жарды

15.10.2018

«Жебе тартқан сөз бен жыр қосынынан...»

15.10.2018

Мегаполис медицинасын алға жетелейтін орталық

15.10.2018

Өмір сыйлар Azurion

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Týrızmdi damytý qonaqjaılyqtan bastalady

Tetigin tapqan elder týrızm salasyn sarqylmaıtyn tabys kózine aınaldyryp alǵan. Qyzyǵa qarap otyrsaq, bul saladan qyrýar qarajat túsetinin aıtpaǵanda, kóptegen jumys orny ashylyp,  eldiń tórtkúl álemge jaqsy aty shyǵyp jatady eken.  Al kez kelgen qonaqtyń kóńilin tabýǵa eń birinshi ashyq-jarqyn qabaǵyń, odan keıin dámdi tamaǵyń kerek ekeni álmısaqtan belgili aksıoma emes pe.  

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу