Әлем • 27 Қараша, 2017

Сенсация: Қазақ спортшылары тұңғыш рет биатлоннан Әлем кубогында медаль иеленді

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Галина Вишневская мен Максим Брауннан тұратын Қазақстан құрамасы Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде аралас эстафетадан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сенсация: Қазақ спортшылары тұңғыш рет биатлоннан Әлем кубогында медаль иеленді

Сурет: Vesti.kz

Алтын медальге австриялық биатлоншылар Лиза Тереза Хаузер мен Симон Эдер қол жеткізсе, күміс германиялық Ванесса Хинц пен Эрик Лессердің еншілерінде кетті.

Қазақ биатлоншылар қолаға қол жеткізерде Олимпиялық ойындардың чемпионы Мартен Фуркад пен оның әріптесі Мари Дорен-Аберден озып кетіп, оларды төртінші орында қалдырды.

23 жастағы Вишневская мен 24 жастағы Браун үшін бұл – Әлем кубогы кезеңдеріндегі алғашқы медаль. Бұл жеңістің ерекшелігі сол, қазақ биатлоншылар алғаш рет Әлем кубогы эстафетасында жеңімпаздар қатарынан табылып отыр.

Атап өтерлік жайт, Эстерсундтағы кезең 3 желтоқсанда аяқталып, бес күннен соң биатлоншылар австриялық Хохфильценде жарысады.