Әдебиет • 01 Желтоқсан, 2017

Алтынқазық (өлең)

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алтынқазық (өлең)

Тәңіртаудың тарғыл барысы,
Теріс біткен темір кере қарысы,
Көбе бұзар жасыл көзі жалын от,
Төбе құйқа шымырлатар 
дабысы...
Құс біткеннің құмайы,
Аң біткеннің құдайы,
Кісі біткеннің арысы!
Арқасы аруақты,
Ордасы шаңырақты,
Сүйегі сырттандай асыл,
Сүті құтпандай таза,
Керегесі алты қанатты,
Терезесі алты Алашты,
Патша да болу  – Хақ ісі.
Жауға желбегей шапса батырым,
Дауға ентелей кірсе ақыным,
Айыр да шайыр көмейлі,
Мәртебелі һәм мерейлі,
Малды иірсе көсем-дүр,
Елді үйірсе шешен-дүр,
Қырық уәзірлі ақылым.
Сында дос құшағын суытпас,
Қында қас пышағын суыртпас,
Найзасын жаудан, 
Айласын даудан асырған,
Терең ойлы хәкім ұл.
Сары алтындай сабырлы,
Қара алтындай қадірлі,
Бәйтеректей тамырлы,
Ескендірдей әмірлі!
Атсаң жебедей,
Қақсаң шегедей,
Жүзіктің тасы Астана
 шаһар тұрғызып,
Жүз ұлттың басын бір байраққа 
дос еткен
Алтынқазық!

Мирас АСАН