Технология • 04 Желтоқсан, 2017

Электронды қызмет көр­сету көлемінің өсуіне не кедергі?

426 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«100 нақты қадам» Ұлт жос­­па­рының 100-қадамында «Аза­маттарға арналған үкімет» мем­­ле­кеттік корпорациясы ха­лық­қа қызмет көрсететін барлық орта­лықтарды бір жүйеге интеграция­лап, Қазақстан азаматтары мем­лекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады деп көрсетілген. Алайда, біз өңірлерде болып, сайлаушылармен кездескенде осы корпорацияға қарайтын халыққа қызмет көрсету орталықтарының толыққанды жұмыс істеуіне ке­дер­гі келтіріп отырған бірқатар түйін­ді мәселелер барлығын анық­тадық. Атап айтқанда, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақ­тау және тағы басқа мемлекеттік қыз­мет көрсетуде қолданылатын ақпараттық жүйелер әлі де жет­кілік­ті интеграцияланбаған. Мұ­ның бәрі электронды қызмет көр­сету көлемінің өсуін тежеп отыр.

Электронды қызмет көр­сету көлемінің өсуіне не кедергі?

Сондай-ақ мекен-жайлар анық­­­­­­та­малығында ауылдық ок­руг­­тер әкімдерінің аппараттары көр­сетілмегендіктен, қызмет алу­шы­лар негізінен аудан әкімінің аппаратына барады. Алайда, жекелеген қызмет түрлерін ауылдық округтердің әкімдері көрсетуге тиісті. Мысалы, «Елді мекен ше­гінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру» сияқты қызмет көрсе­тулер Жер кодексінің баптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жер­гілікті атқарушы органға өті­ніш береді деп жазылған.

Сонымен қатар «Сауда-сат­тық­ты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мем­­ле­кет меншігіндегі жер учас­­ке­леріне құқықтар алу» жә­не ««Жол бойындағы сервис­ объек­тілерін орналастыру үшін жер учас­келерін табыс­тау туралы ше­шім қабылдау» мемлекет­тік көрсетілетін қызмет стандарт­тарында жерге орналас­тыру жо­­ба­сы мен комиссияның оң­ қо­ры­тындысын тапсыру­ қарас­­тырыл­маған. Алайда, Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскесін беру туралы шешім аталған құжаттардың негізінде қабылданады. Демек, бұл стандарттар қолданыстағы заңнамаға қарама-қайшы келетіндіктен, Ұлт­тық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы №151 бұйрығына тиісті түзету енгізу қажет.

Бұдан бөлек, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер реестріне сәйкес жергілікті атқарушы органдар автобустармен, микроавтобустармен қалааралық, об­лыс­­­аралық, ауданаралық және халық­аралық қатынастарда жолаушыларды тасымалдау ісімен айналысу құқығына лицензия беру қызметін көрсетеді. Алайда, аталған қызмет «Е-лицензиялау» порталының «Кө­лік» бөлімінде» және «Қызмет­ті лицензиялау» бөлімінде үшке бөлініп көр­сетілген. Соның салдарынан кәсіп­керлер үш түрлі қызмет бо­йынша лицензия алуға мәжбүр бо­лып отыр.

Тағы бір жайт, ХҚО-ларда кезек­шілік жасайтын кейбір тар шеңберлі мамандыққа ие дәрігерлердің тапшылығы салдарынан көлік жүргізу құқығын алғысы келетін адамдар кейде уақыттарын текке жоғалтып, орынды реніш білдіріп жатады. Осыған орай оны тұрғылықты жерлеріндегі емханалардан алатын медициналық анықтамамен алмастырған жөн болар.

Осы мәселелерді қарастыруды өтініп, Премьер-Министрдің орын­басары А.Жұмағалиевке де­пу­таттық сауал жолданды.

Майра АЙСИНА,
Мәжіліс депутаты