Қаржы • 04 Желтоқсан, 2017

Қайрат Келімбетов Ресейдің ірі бизнес өкілдерімен кездесті

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов Ресей Федерациясының мемлекеттік және бизнес ортасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды egemen.kz АХҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайрат Келімбетов Ресейдің ірі бизнес өкілдерімен кездесті

Кездесуге Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников та қатысты.

«Ресей бизнесі АХҚО ұсынатын жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге зор қызығушылық танытып отыр», деді М.Бочарников.

АХҚО-ны дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарына капитал нарығы, активтерді басқару, жеке тұлғалардың дәулетін басқару, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар және жасыл қаржыландыруды жатқызуға болады.

«АХҚО-ның табысқа жетуі көбінесе ресейлік компаниялардың қатысуымен байланысты, сондықтан біз оларды қаржы орталығы жұмысының барлық негізгі бағыттарындағы белсенді серіктестеріміз ретінде көргіміз келеді», деді Қ.Келімбетов.

Кездесу барысында АХҚО және Мәскеу қор биржасын қоса алғанда ресейлік қаржы ортасының арасындағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Ресейлік ірі бизнес өкілдері АХҚО қызметіне зор қызығушылық танытып, ынтымақтастыққа мүдделі екендіктерін білдірді.