Әлем • 07 Желтоқсан, 2017

Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде мойындады

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде мойындап, америкалық елшілікті Тель-Авивтен көшіретінін айтты. 

Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде мойындады

Араб елдерінің басшылары АҚШ Президентінен аймақтағы шиеленісті арттыруы мүмкін шешімді кейінге қалдыруын сұраған еді. Ал Ақ үй өкілдерінің айтуынша, Иерусалимде елшіліктің ғимараты таңдалмаған, яғни, бұл процеске бірнеше жыл кетуі мүмкін. Сондықтан Трамп Мемлекеттік департаментке елшілікті Иерусалимге көшіру процесін бастауды сұрады, бірақ Конгреске елшілікті көшіруді 6 айға шегерді. 1995 жылы конгресс елшілікті көшіру туралы шешім қабылдағаннан кейін АҚШ-тың барлық президенттері бұл құжатқа әр 6 ай сайын қол қойып келеді. 

Иерусалимнің статусы - Израиль мен араб көршілерінің арасындағы ең өткір мәселелердің бірі. Израиль Иерусалимді астанасы ретінде атап жүргенімен, Палестина Шығыс Иерусалим болашақ мемлекеттерінің астанасы болады деп сенеді. Бір айта кетерлігі, АҚШ Иерусалимді Израиль астанасы ретінде мойындаған бірінші мемлекет. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше сайтымызда Трамптың Израильдегі АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіретіні туралы көлемді мақала жарияланған болатын.